Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мұхтар Жәкішевке уран кендерін оффшорлық компанияларға сатқан деген айып тақты. Қазақстандық танымал бизнесмендер Жәкішевке араша сұрап, президент Назарбаевқа ашық хат жолдады.
КӘСІПКЕРЛЕР ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫНЫҢ АШЫҚ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ
Мамырдың 27-сі күні қазақстандық бір топ кәсіпкер қамауда отырған Мұхтар Жәкішевтің тағдырына араша түсуді өтініп, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады. Олар Жәкішевтің өзіне адвокат таңдауға мүмкіндік берілмей отырғанын айтып, оған қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеу амалдарының ашық әрі әділ болуына ықпал жасауды президенттен сұраған.
«Мұхтар Жәкішев «Қазатомпром» компаниясын атом өнеркәсібінің әлемдік лидерлерінің біріне айналдырған адал әрі талантты топ-менеджер. Оның тұтқындалуы ел ішінде кәсіпкерлік ортаның ахуалына кері әсер етеді, өйткені қазақстандық кәсіпкерлер ендігі жерде заңның қорғауын сезінбейді. Елдің күш құрылымдары, кәсіпкерліктің еркін тынысын тарылтып, басқаларға үлгі боларлықтай бизнестің ең үздік өкілдерін қудалау арқылы бизнеске қарсы толық масштабты шабуылын бастап кетті» делінген кәсіпкерлердің хатында.
Бұдан бөлек, хат ауторлары, «Қазатомпром» төңірегінде болып жатқан жағдай елдің халықаралық беделіне кері әсер ететіндігін атап өте келе, президент Назарбаевтан Мұхтар Жәкішевтің тағдырына бейжай қарамауын сұрайды.
Мұхтар Жәкішевке араша сұраған хаттың соңына Нұржан Сұбханбердин, Нұрлан Смағұлов, Зейнолла Кәкімжанов және басқа – барлығы 25 адам қол қойған.
Сондай-ақ, президент Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев, интернеттегі жеке сайтында жариялаған мақаласында, Мұхтар Жәкішевті өзінің досы және кезекті саяси тұтқын деп атады.
Бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі мамырдың 26 күні ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қысқа демалысқа шыққанын хабарлаған болатын.
ЖӘКІШЕВ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛҒАН ДЕП АЙЫПТАЛДЫ
Тергеу ісін жүргізіп жатқан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке «қызмет бабын пайдаланып мемлекет мүлкін талан-таражға салған» деген айып тағып отыр.
«Қазатомпром» ұлттық компаниясының басшысына тағылған айыптарды ұлттық қауіпсіздік комитеті сәрсенбі күні, яғни Мұхтар Жәкішев ұсталғаннан кейін бірнеше күн өткенде ғана хабарлады.
«Алдын-ала тексерулер нәтижесі көрсеткендей, Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның басқа да жетекшілері қызмет бабын пайдаланып, өздеріне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін талан-таражға салған, экономикалық зиян келтірген, Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлестерді оффшорлық аумақтарда тіркелген кейбір фирмалардың пайдасына жаратып жіберген. Тексеруші топ ҚР Бас прокуратурасы, қаржы полициясы, қаржы министрлігі мен ҰҚК қызметкерлерінен құралған, - деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.
Хабарламада Мұхтар Жәкішевтің 2005 жылы Қызылорда облысындағы «Мыңқұдық» уран кен орнында орналасқан «Центральный» жер қойнауын қайтарымсыз пайдалануға құқық берілген «Кең Дала KZ» атты жеке компаниясын құрғандығы және осы аралықта «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқа оффшорлық компания арқылы Қызылорда облысындағы «Қызылқұм» ЖШС-нің 30% үлесін пайдаланғаны айтылған.
Осы іс бойынша «Қазатомпром» ұлттық компаниясының жеті менеджері тергеу амалдарына тартылған. Алайда олардың барлығының нақты кімдер екендігі және оларға қатысты қандай бұлтартпау шаралары қолданғандығы әзірге белгісіз болып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекзанаров, мамырдың 27-і күні Азаттық радиосына, тергеу ісі жүріп жатуына байланысты баспасөз мәлімдесіндегі ақпараттан басқа қосымша мәлімет берілмейтіндігін айтты.
Бұған дейін, Мұхтар Жәкішевтен бөлек, «Қазатомпромның» үш вице-президенті - Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков, Малхаз Цоцория ұсталғандығы, кейін олардың қатарын ұлттық компанияның тағы бір вице-президенті Бауыржан Ибраев толықтырғандығы хабарланған болатын.
Мұхтар Жәкішев пен оның 4 орынбасарынан басқа тағы да кемінде бес адам тұтқынға алынған деп хабарлады «Республика. Инфо» интернет-басылымы. Олардың арасында ұлттық компанияның еншілес бөлімшелерінің үш жетекшісі және Мұхтар Жәкішевтің жеке көмекшісі бар көрінеді.
Биылғы сәуірдің 1-і күні «Нұр Отан» партиясының мүшесі, бұрынғы парламент депутаты Татьяна Квятковская Мұхтар Жәкішев пен БТА банктың бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты елдегі уран кеніштерінің басым бөлігін оффшорлық компанияларға өте арзан бағамен сатқан деп ашық түрде кінәлап, елдің заң орындарын оларға қатысты тергеу жүргізуге шақырған болатын.
Бұған қатысты ҚазТАГ агенттігіне берген түсініктемесінде «Қазатомпром» компаниясының сол кездегі басшысы Мұхтар Жәкішев Квятковскаяның айыптауларын ешқандай негізсіз деп атап, бұның астарында нақты бір саяси топтардың мүддесі жатуы мүмкін деген пікір білдірген еді.
МҰХТАР ЖӘКІШЕВТІ КІМ ҚОРҒАЙТЫНЫ ӘЗІР БЕЛГІСІЗ
Қазақстанның адвокаттар одағы 2008 жылдың үздік адвокаты деп таныған Сәлімжан Мусин «Казатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті немесе оның қарамағында болғандарды қорғаудан бас тартты.
«Маған өтініш білдірді, бірақ мен бас тарттым. Қазір жұмыс өте көп болып тұр», – деді Азаттық радиосының тілшілеріне Сәлімжан Мусин.
Оның айтуынша, қазір Жәкішевке қатысты ақпарат алуға және онымен жолығуға тырысқан заңгерлер мен журналистер «үлкен проблемаға кезігеді, өйткені бұл істі тергеумен ұлттық қауіпсіздік комитетінің үшінші бөлімі айналысып жатыр».
Сәлімжан Мусин былтыр атышулы тағы бір саяси процесте жеңіске жеткенімен жұртшылыққа танылған еді. Қызмет бабын асыра пайдаланған және 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталып сотқа тартылған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевті қорғаған адвокат Мусиннің дәлелдеуінен соң, сот Күлекеевке тағылған басты айыпты негізсіз деп тапқан болатын.
ЖӘКІШЕВКЕ ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР САРАПШЫЛАРДЫҢ КҮМӘНІН ТУҒЫЗДЫ
Мұхтар Жәкішевке қарсы қозғалған қылмыстық істің шынайылығына күмән келтірушілер көп. Экономист Қанат Берентаевтың пікірінше, Жәкішевке қарсы қозғалған іс елдегі уран секторында мүдделі топтардың ара салмағының ауысқандығынан көрініс береді.
«Қазақстандағы мемлекеттің қатысы бар ұлттық компанияларды алатын болсақ, Жәкішевтің жеке өзі қарамағындағы мүлікті пайдалануға құқығы жоқ. Оның үстіне уран өндірісінде ұлттық мүдде жатыр. Осы тұрғыдан алар болсақ, Жәкішев белгілі бір кеніштерді сату немесе біреуге пайдалануға беру шешімдерін жалғыз өзі қабылдай алмайды, бұл елдің заңнамаларының қағидаларына қайшы келеді. Яғни, Жәкішевке осындай шешім қабылдауға біреу рұқсат берген болуы мүмкін. Ал енді рұқсатты кім бергені тіпті бөлек мәселе», – деді Қанат Берентаев Азаттыққа.
Ал, «Қазатомпром» ұлттық компаниясы қазынашылық директоры Ғалым Назаров болса, «Время» газетіне берген сұхбатында, Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуы шетелдік серіктестермен жасалған келісімдердің іске асуына кедергі болуы мүмкін екендігін ескерткен.
«Сөзім дәлелсіз болмас үшін айта кетсем, «Тошиба» компаниясы «Қазатомпромдағы» «Вестингхауз» акцияларын қайтарып алуы сөзсіз, өйткені бұл келісім Жәкішев пен «Тошиба» компаниясының президенті Атсутоши Нишиданың жеке байланыстарының негізінде ғана жүзеге асқан еді», - дейді ол.
Ғалым Назаров «Қазатомпром» дүниежүзінде атом электр станциясын салып жатқан «Вестингхауздың» 10 пайыз акциясын иеленгенін еске салады.
«Осылайша, құрылыстан түскен табыс Қазақстанның бүкіл табиғи ресурстарын сатудан түскен кірістен әлдеқайда асып түсер еді. Бұған қоса, жоғарғы технологияларға қолымыз жетіп, түпкі өнімнің үстеме құнының барлығы елде қалар еді», деді ол.