«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке жаңа айыптаулар тағылып, бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Жәкішев соттың шешімі әділ боларына сенбейтіндігін және айыпты еместігін айтса, адвокаты ҰҚК-нің өзіне түрлі қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
«ТҰТҚЫННАН БОСАТПАУДЫҢ АМАЛЫ»
Наурыздың 2 сі күні Астанадағы баспасөз- мәслихатында Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева, адвокаттар Нұрлан Бейсекеев пен Хамида Айтқалиева өз қорғауларындағы азаматтардың құқтары бұзылумен қатар өздерінің де кәсіби қызметтерін атқарғаны үшін қысымға душар болып жатқандарын айтты.
Жәмила Жәкішева күйеуі Мұхтар Жәкішевке жаңа айыптаулар тағылып, тағы бір тың қылмыстық істің қозғалуы оны «тұтқыннан босатпаудың амалы» деп біледі.
Ал, адвокат Нұрлан Бейсекеев Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Мұхтар Жәкішевке жаңадан тағылған айыптауларға тоқталды.
- Ағымдағы жылдың ақпан айында Мұхтар Жәкішевке қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық іс жекешелендіруге және заңсыз дүние-мүлікті иеленуге байланысты қозғалған. Мені тергеу изоляторына шақырды. Онда барғанымда алдымнан жаңа қылмыстық іске байланысты қаулы шықты. Өкінішке қарай, мен іспен толық таныс емеспін. Себебі, жаңадан қозғалған қылмыстық іске байланысты қорғау ісіне кірісуге менде Мұхтар Жәкішевтің келісімі жоқ,-дейді ол.
АДВОКАТҚА ҚОҚАН-ЛОҚҚЫ
-Егер мен өз қорғалушыма қатысты белсенді қимыл-әрекетімді жалғастыра берсем, Астана соты маған да, оған да репрессивті тұрғыдағы шаралар қолданатын болады деген ескертулер жасалды,-дейді адвокат Бейсекеев.
Ал осы жылдың 26 ақпанында орын алған оқиғаны ол былайша әңгімелеп берді:
-Сот мені 10 күнге қамап әкімшілік шара қолдануы мүмкін екендігін ескерткен күні кешке қара маған телефон шалған ұлым біздің пәтерімізге бөтен біреулер кіріп кетті деп хабарлады. Баламның айтуынша, ол 15 минутқа сыртқа шығып қайтып келгенде үйде жанып тұрған тұрған жарықтың өшіп қалғанын байқаған,- деген Бейсекеев,- Үйге нақты кімдердің кіргенін білмейміз, бірақ баламның байқауынша қосулы тұрған компьютермен біреулердің жұмыс істемекші болғаны білінеді,- дегенді айтты.
«СОТ АШЫҚ ӨТУІ МҮМКІН»
Сондай-ақ, адвокат Нұрлан Бейсекеев Мұхтар Жәкішев пен оның оққағары Талғат Қыстаубаевқа қарсы жүріп жатқан сот ісінде әлі де болса, бірқатар заң бұзушылықтар орын алып келе жатқанын атап өтті.
-Мұхтар Жәкішев өзіне қарсы жаңадан қозғалған қылмыстық іске байланысты бірқатар заңды талаптар қойды. Оның ішінде жаңадан қозғалған қылмыстық іске байланысты қаулының көшірмесін беруді және өзіне қарсы 2009 жылғы қозғалған қылмыстық істер мен соңғы жаңа қылмыстық іске адвокат Данияр Қанафиннің жіберілуін талап етті. Бұл оның заңды құқығы, - деп атап көрсетті Нұрлан Бейсекеев.
Оның сөзіне қарағанда, Мұхтар Жәкішев пен Талғат Қыстаубаевтың сот ісі бұдан кейін ашық жағдайда өтуі де мүмкін.
- Мұхтар Жәкішев бұған дейін сот ісін алқа билер қарауын өтініп, бірнеше рет сотқа қайырылған болатын. Оның бұл құқығын іске асыру үшін мен Жоғарғы сотқа дейін арыз-шағым түсіргенмін. Алайда, ешқандай жауап болмаған. Бірақ, бүгінгі кезекті сот отырысында қаралған істің материалдарын жария ету қорытындысына қарағанда, менің ойымша, бұл мәселе шешімін табуы мүмкін. Және алдағы сот істері ашық өтуі мүмкін деп ойлаймын, - деді Нұрлан Бейсекеев.
СОТ ҚЫСТАУБАЕВТЫҢ АДВОКАТПЕН ҚОРҒАЛУЫНА МҮДДЕЛІ ЕМЕС
Астанада өткен баспасөз мәслихатында Мұхтар Жәкішевтің оққағары болған Талғат Қыстаубаевтың өзі және отбасы жалдаған адвокаты Хамида Айтқалиева «құпия материалдармен жұмыс істеуге және құпия белгісі бар істерге қатысуға» рұқсат беретін анықтаманы ҰҚК Астана қаласы департаментінің шешімімен Астана қаласының әділет басқармасы 2010 жылдың 18 ақпан күні бергенін, бірақ ертесіне қайтарып алып қойғанын жеткізді.
- Ол анықтама құпия істерге берілетін рұқсат қағазын алмастыра алмайды. Анықтамада – нақты бір іске, кімге және қандай дәрежедегі құпия іске байланысты сонымен бірге, қанша уақытқа рұқсат беріледі деген ақпарат бар. Мен осы анықтаманы алып, сотқа барғанымда мені сот ісіне кіргізбеді. Мен сотта жүргенімде Астана қалалық әділет басқармасы бірнеше рет шақырды. Сөйтіп, өздері берген анықтаманы алып қойды. Астана қалалық әділет басқармасының берген түсініктемесіне қарағанда адвокаттар қалалық әділет басқармасының номенклатуралық қызметіне енгізілмеген екен, - дейді Хамида Айтқалиева.
Хамида Айтқалиеваның айуынша, мәселенің мәні оның құпия істерге рұқсат қағазы болмағандығы мен анықтамасының жоқтығында емес, Талғат Қыстаубаевтың тиісті қорғаушысы болып, оның заңды жолмен қорғалуына сот мүдделі емес көрінеді.
«Қазатомпром» ісі бойынша сот процесі 2009 жылы 22 желтоқсанда басталды. Компанияның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке сыбайласқан жемқорлық қылмысы бойынша айып тағылуда.
2009 жылы мамырда ол «Қазатомпром» компаниясының президенті қызметінен алынды. Сол айдың соңынан бері Мұхтар Жәкішев ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысында отыр.
Мұхтар Жәкішевтің ізінше тұтқындалған бұрынғы күзетшісі Талғат Қыстаубаевқа «айыпты ауырлататын жағдайда» ұрлық жасаған және оққағарлық қызмет бабын теріс пайдаланған деген айыптар тағылып отыр.

Мұның сыртында адвокат Бейсекеев өзіне қарсы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан қорқыту-үркіту әрекеттері жалғасып жатқанын да сейсенбі күнгі баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Журналистер үшін оның айтқан ең басты мәселесі өткен жылдың мамыр айынан бері ҰҚК мен соттың белгісіз бір қызметкерлері оған қысы мен қоқан-лоқы көрсетіп келген.