Президент Н. Назарбаев «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» және «БАҚ туралы» үш бірдей заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді қол қойып бекітті. Саяси маңызды заңдардағы өзгертулерді оппозициялық партиялар, журналистер сынға алса, парламент депутаттары бұны демократиялық бағыттағы қадам ретінде сипаттады.
Депутаттардың пікірінше, әсіресе «Саяси партиялар туралы» заңға енгізілген өзгертулер ел парламентін кемінде екі партиялық орган ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін құқықтық механизм құруға бағытталған демократиялық маңызы зор жақсы жаңалық болмақ.
Жаңа заң өзгертулері туралы оппозициялық партиялар мен журналистік ұйымдар қандай пікірде? Азаттық тілшілері бұл сауалды олардың өздеріне қойған еді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарға байланысты өз ойын былайша білдірді:
– Биліктің жасанды қоспартиялық басқару формасын құру ниетін ғана білдіретін бұл заң түзетулерінен ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Билік осылайша парламентте көпшілікке көзалдау етіп қуыршақ, әлжуаз оппозициялық топ құрған болады да, сосын дүйім әлемге: «міне, Қазақстанда демократия бар» деп жар салады.
– Жармахан мырза, алайда, Назарбаевтың жақтастары, атап айтқанда «Нұр Отан» партиясының өкілдері бұл заң өзгертулері шынайы демократиялық әрі либералды сипатта деген пікірде.
– Бұл заңдарда ешқандай демократиялық һәм либералдық өзгерістер жоқ. Қайта, сайлау процесіне араласып, сайлаушылардың дауысын бұрмалауға мүмкіндік беріп қойған заңның бұрынғы керітартпа тұстары сол күйі күшінде қалды. Ал олар күшінде қалса, онда қоспартиялық жүйе секілді кез-келген жаңалық – әзәзілдік деп ашып айтар едім.
– Сонда да айтыңызшы, осы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген соң заңдар жақсарды ма, әлде бұрынғыдан нашарлады ма?
– Еш жақсарған да, нашарлаған да жоқ. Әйтсе де, кейбір жайттар бойынша тіпті нашарлай түскен секілді. Мәселен, саяси партияларды қаржыландыру мәселесін алыңыз. Бұл дегеніңіз түбі бір жарылатын бомба тәрізді. Енді, осы жаңартылған заң бойынша, президентшіл «Нұр Отан» партиясын толығымен мемлекет қаржыландыратын болады.
– Сіз басқаратын партияның алдағы сайлауларға бойкот жарияламақшы болып отырғаны дәл осы себептерге байланысты ма?
– Егер билік қалай болғанда да үкіметті бақылауында ұстағысы келсе, онда әділ сайлау өткізуі керек. Ал әділ сайлау өткізу үшін соған сәйкес заңдар болуы қажет. Ал, түпкілікті нәтижесін биліктің өзі алдын-ала кесіп-пішіп қойған сайлауға қалай қатысуға болады? Дәл қазіргі біздің мына парламентпен ұзаққа кете алмасымыз анық....
– Жармахан мырза, бірақ осыған дейінгі заңдар да қазіргіден озық болды деуге келмейді ғой. Сол кездері кейбір саясаткерлер сайлауға қатыспай, бойкот жариялауға үндегені мәлім. Бірақ, солай бола тұра, олардың үндеуіне құлақ аспаған оппозициялық партиялар түгелдей сайлауға қатысып, одан озып шыққан биліктің жеңісін заңдастырып бергендей болды. Қазір соған өкінбейсіз бе?
– Иә, шынында да, өзіміздің қатысуымыз арқылы қазіргі билік нені айтса соған бас шұлғып көнетін бір партиялық парламентті заңдастырып бергеніміз үшін өткен сайлауға қатысқанымызға, бір жағынан, өкінеміз, әрине. Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда, бұған өкінуге болмайды, өйткені сайлау науқанын біз өзіміздің идеямызды, бағдарламамызды насихаттауға, ең бастысы – қазіргі биліктің халыққа қарсы шынайы бет-бейнесін әшкерелеуге пайдаландық.
– Бұндай жайт алдағы кезде тағы қайталанады деп ойламайсыз ба? Яғни, егер билік жаңадан сайлау жариялаған жағдайда сіздер билікті әшкерелемек болып тағы да сайлауға түсесіздер ме? Онда биліктің көктен іздегені жерден табылмай ма?
– Оның барлығы оқиғаның ары қарай қалай өрбитіндігіне байланысты болмақ. Бұндай мәселеге байланысты шешімді дара жетекші емес, тұтас партия қабылдайды, соның ғана құзыретінде. Сондықтан оған қатысты шешімді партияның съезінде қабылдайтын боламыз.
Жармахан Тұяқбай басқаратын партия осыдан біраз ғана уақыт бұрын елдегі өзге алты саяси партиямен бірлесіп жасаған мәлімдемесінде егер үкімет әзірлеген заң өзгерістері парламентте қабылданып, оны президент бекітетін болса, онда алда болатын сайлауларға бойкот жариялауға дейін баратындарын ескерткен болатын. Үкімет дайындап әкелген даулы заң өзгерістерін парламент қалай ың-шыңсыз қабылдаса, президент те сол қалпында бекітті.
Ал әлгі жеті саяси партия өз үндеулеріне қатысты келесі қадамға бара ма, жоқ әлде алдыңғы айтқандарынан қайтып, сайлау дүрмегіне қосыла ма – ол жағы әзірге белгісіз.
Қазақстан қоғамында талқылауы дау туғызған тағы бір заң өзгертулері «БАҚ туралы» заңға енгізілді. Бұл жайында Азаттық радиосы Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалына бақылау жүргізетін «Әділ сөз» қорының қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженованың пікірін білген еді. Ғалия ханым журналистік ұйымдардың БАҚ қызметкерлерінің шынайы құқықтық шеңберде жұмыс істеуіне жол ашатын түбегейлі ұсыныс-ескертпелерін парламент назардан тыс қалдырды деп қынжылыс білдірді. Сонымен бірге «Әділ сөз» ұйымының өкілі жаңа заң өзгертулерінде болмашы болса да жағымды жаңалықтардың бар екенін айтады.
– Әуелі, біздің қандай ұсыныстарымыздың өтпей қалғанына тоқталайын. Солардың бірі – журналист не ақпарат құралының үстінен талап-арыз беру мерзімінің шектеусіздігі. Өзін қорландым деп санаған кез-келген адам осыдан 10 жыл бұрын жарияланған материал үшін де қазір журналистің үстінен сотқа шағымдана алады. Бұны бір деп қойыңыз. Екіншіден, моральдық зиян үшін талап етілетін өтемақы көлемінің үлкендігі. Кейбіреулер дүниеде жоқ мөлшерде өтемақы талап етіп жатады. Міне, осы тәрізді, біздегі журналистердің жұмысына кері әсер ететін маңызды мәселелер, өкінішке қарай, қолданыстағы заңда аз емес.
Ал енді заң өзгертулеріндегі оңды тұстарға келсек, олар соншалықты керемет болмаса да, айта кету ләзім. Енді, жаңа өзгертулерден соң, бас редактор ауысқан жағдайда басылымды қайта тіркеуден өткізу қажет емес. Сол секілді енді бұрынғыдай сұхбат алу үшін шенеуніктен алдын-ала рұхсат сұраудың керегі жоқ, журналист диктофонмен оған жақындап, қалаған сұрағын қоя алады. Міне, осы тәрізді бірнеше өзгерістер бар.
Бірақ, бұл заң өзгертулері журналистік зерттеу, талдаумен айналысатын журналистердің жұмысын жеңілдетпейді. Олардың жолында құқығын шектеп, жұмысына тосқауыл болатын бөгеттер жетіп-артылады. Сондықтан, бұл соңғы өзгерістерден соң «БАҚ туралы» заң бұрынғысынан нашар болмағанымен, прогрессивтік деп атауға әлі келмейтінін де атап өткен жөн, - деді Ғалия Әженова.