Қазақстан картасында Қарасай батыр қаласы мен Үшқоңыр ауылы пайда болуы мүмкін

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл суретте қазақ хандарымен бірге бейнеленген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылдарының атауын өзгертпек. Шамалған ауылы мен Қаскелең қаласының басшылығы Шамалғанды – Үшқоңыр, ал Қаскелеңді – Қарасай батыр қаласы деп өзгерту туралы үкіметке ұсыныс жасады.
ЖОҢҒАР ҚОЛБАСШЫЛАРЫНА ТЫҚЫР ТАЯНДЫ

Қазан айының соңында Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының сессиясында депутаттарға Шамалғанды – Үшқоңыр, ал Қаскелеңді – Қарасай батыр қаласы деп өзгерту туралы ұсыныс түсті. Қаскелең ауданының өзі бұрынғы тарихи атауынан осыдан бірнеше жыл бұрын айрылып, қазір ол Қарасай ауданы деп аталады. Бірақ, Қаскелең қаласы бұрынғы атауын әзірге сақтап отыр.

Тағдырдың тәлкегі деген осы болар, Қаскелең де, Шамалған да (бұдан бөлек «Шамалған стансасы» деген елді мекен де бар) бұрынғы жоңғар қолбасшыларының құрметіне қойылған. Қазақ тарихшыларының айтуынша, бұл елді мекендер жоңғардың Қаскелең және Шамалған атты батырларының құрметіне аталған. Кейінірек Қазақ хандығына өткен бұл жерлерге кезінде жоңғарлар із қалдырған.

Осы жағдайға байланысты қазақтың ұлт жанашырлары әйгілі қазақ-жоңғар соғысында қазақтардың қанын төккен, қазақ халқының ата жаулары болып табылатын жоңғар қолбасшыларының атын есте сақтаудың еш ақылға сыймайтынын баспасөзде дүркін-дүркін көтеріп отырады.

ҮШҚОҢЫР – НАЗАРБАЕВТЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ

Елді мекеннің атын өзгертуді ұсынып жүргендер Шамалған да, Қаскелең де Қазақстан үшін тарихи маңызы бар жерлер екендігін айтады.
Адамдар он жерде жиын өткізіп, елді мекендердің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Тұтастай алғанда бұл ұсынысты халықтың 57 пайызы қолдаған.
Оның үстіне бұл – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіндік қаны тамған жер. Мәслихат депутаттары хатты талқылап, бастаманы қолдап, өз ұсыныстарын үкіметтің қарауына жіберді.

– Тұрғындар он жерде жиын өткізіп, елді мекендердің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Тұтастай алғанда бұл ұсынысты халықтың 57 пайызы қолдаған. Мұндай бастамашылардың саны 10700 адам, – деді әкім аппаратының басшысы Рустам Атшабар.

Үшқоңыр – Іле Алатауының Шамалған ауылы тұсында орналасқан шатқал. Бұл жердің атағының шығуына себеп болған жай, мұнда Назарбай Сапақовтың ата қонысы болған. Нұрсұлтан Назарбаев та алты жасқа дейін осы жерде тұрған. Қазақстан соттары Назарбаевтың атасының би болғандығын айтуға әуес. Қарасай батырдың жетінші ұрпағы болып табылатын Назарбаевтың атасы кезінде әйгілі Төле бидің өзіне бата берген делінеді.

Айтпақшы, 2000 жылы Астанада Тортай Сәдуақасовтың «Назарбай және туған жердің тарихы» атты кітабы 3000 дана таралыммен жарық көрді. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өтті. Әңгіме өзегі – Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы. Кітапта астананы Сарыарқаға ауыстыру туралы атасының идеясын оның немересі Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге асырғаны жайында айтылады.

2001 жылы мемлекет басшысы тіпті «Үшқоңыр» деп аталатын әннің сөзін де жазды. Мұнда ол кіндік қаны тамған жерін жырға қосады. Әнші-сазгер Алтынбек Қоразбаев бұл өлеңге ән шығарды.

Үшқоңырдай туған жерін қазақ ақыны Надежда Лушникова да өлеңге қосты. Шамалған ауылының атауының Үшқоңыр деп өзгеруі мүмкіндігі жайындағы хабарды Надежда Лушникова қуанышпен қарсы алды. Оның айтуынша, осы арқылы Қазақстанның тәуелсіздігі үшін қан төгіп, жанын қиған ерлердің аруағы риза болмақ.
Бұл туған халқының азаттығы үшін күрескен, Данко сияқты жүректерге от берген ерлерге арналған үлкен ескерткіш болмақ.


– Үшқоңырдың 1916 жылғы халық көтерілісіне де қатысы бар. Бұл жерде көтерілісті Бекболат Әшекеев басқарды. Патша өкіметі оны дарға асты. Бұдан бөлек 800-дей адам абақтыға қамалып, оның 300 қаралысы атылды. Бұл туған халқының азаттығы үшін күрескен, Данко сияқты жүректерге от берген ерлерге арналған үлкен ескерткіш болмақ, – деді Азаттық радиосының тілшісіне Надежда Лушникова.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Серік Әбдірахманов. Алматы, 18 желтоқсан 2008 ж.
Назарбаевшыл саясаткер, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Серік Әбдірахманов ауылдар мен қалалардың атауларын өзгерткенде көбінесе тарихи жағдай емес, шенеуніктердің талап-тілегі ескеріледі деп есептейді.

– Олардың атауларын өзгерту жергілікті өкілетті органдардың құзырында болуы керек. Атын өзгерту керек пе, әлде ескі атауын қалдыру керек пе, бұл жағын тек жергілікті тұрғын халық шешуі керек. Өкінішке қарай, бізде көптеген атаулар телефон қоңырауы арқылы қойылды. Көптеген қалалар, ауылдар, көшелер, мектептер құдіреті жүріп тұрған шенеуніктердің ыңғайларына қарай өзгертілді. Мұнда олардың ата-бабаларының аттары қойылды, ал тұрғын халық айдалада қалды. Бұлай болмауы керек. Елді мекендердің ертеден келе жатқан атаулары бар, яғни бұл – тарих. Бұл жағынан алғанда тұрақтылық болуы керек. Әйтпесе, көңіл-күйімізге
Көптеген қалалар, ауылдар, көшелер, мектептер құдіреті жүріп тұрған шенеуніктердің ыңғайларына қарай өзгертілді.
қарай өзгерте берсек, біз болашақ ұрпақтың басын қатырамыз, – дейді Серік Әбдірахманов.

ҮЛГІЛІ АУЫЛ

Ауыл мен қаланың атауын ауыстыру туралы ұсыныс үкіметтің қарауында жатқанда Шамалған ауылының өзі үлкен өзгеріске дайындалуда. Оны бетке ұстар үлгілі ауыл жасамақ. Бас жоспарды жасауға 25 адамнан тұратын «Урбостиль» жобалау-қала салу фирмасы кірісті.

Бас жоспарды жасаушылардың ойларынша, ауыл жаңа келбетке ие болмақ. Онда жаңа мұражай, спорт ғимараттары, парктер, мәдени-ойын сауық орталықтары пайда болмақ.

ҚазТАГ агенттігі Шамалғанның 2020 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын ұсынған «Урбостиль» жобалау-қала салу фирмасының директоры Любовь Нысанбаеваның сөздерін келтіреді:

«Шамалған ауылы – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атамекені. Сондықтан бізге артылар міндет те ауқымды. Біз аумақтарды үлкейтуге назар аудардық. Сонымен бірге ескі үйлерді бұзып, тұрғын үйлер құрылысын көбейту де жоспарлануда. Біз жай қарапайым емес, оған тарихи-мәдени және туристік орталықтың мәртебесін бере отырып, бетке ұстар үлгілі ауылдың бас жоспарын жасауға тырыстық».

НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА

Өткен қазан айында Астанада Нұрсұлтан Назарбаевқа көзі тірісінде қоладан ескерткіш тұрғызып, атын мәңгі қалдырмақ болып шешті. Бұл үшін Тәуелсіздік сарайы алдындағы орталық алаңға
«Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі кескінделген. Астана, 19 қазан 2009 ж.
қойылған «Қазақ елі» монументі қайтадан жаңғыртылды.

Бұдан бөлек, 2010 жылы Астананың 12 жылдығына орай (бұл оқиға президент Назарбаевтың 70 жылдығымен тұспа-тұс келеді) Білім және ғылым министрлігі Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын жаңа университетті ашуды жоспарлап отыр.

Оппозициялық саясаткер Әлихан Рамазановтың айтуынша, бұл жайында ашық айтпағанымен, мұндай жаңалықтар елдің күлкісін келтірмек.

– Біздің халқымыз 1937 жылдан бері теперіш көріп, жасқаншақтап қалған. Өз пікірлерін ашық айта алмайды. Асүйде шай ішіп отырғанда халық күліп, оны Иосиф Сталинмен, Түркменбашымен салыстырады. Мен оларды барынша мұқият тыңдап, әңгімелесемін. Бұл қайраткерлерге кейін не болғанын барлығымыз да жақсы білеміз. Әңгіменің барлығы осыған келе жатыр, – деді Әлихан Рамазанов Азаттық радиосының тілшілеріне.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1989 жылдан бері билеп отыр. Биыл сарапшылар оның Қазақстандағы жоғары билікте отыруының 20 жылдығын қорытындылады. Бұл жайында Азаттық радиосының www.azattyq.org веб-сайтындағы арнайы тақырыптық беттен оқуға болады.