Референдум нәтижесі Ердоған партиясына билікке қайта сайлануға жол ашты

Түркия премьер-министрі Режеп Ердоған. Стамбул, 12 қыркүйек 2010 жыл.

Түркиядағы референдум премьер-министр Режеп Ердоғанның командасына билікке осымен үшінші мерзімге сайлануға мүмкіндік туғызып, ел Конституциясының жаңа тынысын ашып берді. Бірақ бұл Режеп Ердоғанға аздық ететін сыңайлы. Ол енді жаңа мақсатқа көз тігіп отыр.

ЕРДОҒАННЫҢ ҮНДЕУІ

Жексенбі, қыркүйектің 12-інде Стамбулдағы мыңдаған жақтастарына үндеу тастаған премьер-министр Режеп Ердоған референдумдағы жеңісті өз партиясының үшінші мерзімдегі платформасы ретінде пайдаланатыны жөнінде уәде берді. Осы кезеңде Әділет және даму партиясы (ӘДП) мүлде жаңа Конституция жазуға кірісуі тиіс.

Референдум алдындағы тартысты науқан кезінде жоспарланған уәде 58 де 48 пайыз есебімен конституциялық реформа жөніндегі үкімет бағдарламасының есебіне жазылған еш күмәнсіз жеңістен кейін Режеп Ердоғанның саяси қарсыластары ес жия алмай жатқанда айтылып кетті.

Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде жалпыға бірдей сайлау өткізу үшін келер жылға жоспарланған саяси айтыс-тартыстар мен
Ол жаңа Конституцияны айқын белгіледі. Жаңа Конституция жөніндегі жұмыс та бүгіннен басталады деді. Менің ойымша ол өз сөзіне жауап беруі тиіс.
пікірталастарды қалың жұртшылық қалт жібермей қадағаласа керек. Халықтың 12 қыркүйектегі дауысымен енген өзгерістер даудың аяғы емес, керісінше, басы болады дейді Стамбулдың Бахшешехир университетіндегі Еуроодақ жөніндегі зерттеулер профессоры Ченгиз Актар.

Ердоған 1980 жылы төңкеріс жасаған генералдарды жеңді ме?

«Көптеген адамдардың күткені де осы болатын. Премьер-министрдің жеңістен кейінгі жалынды сөзінде мәлімдегені де - сол. Ол жаңа Конституцияны айқын белгіледі. Жаңа Конституция жөніндегі жұмыс та бүгіннен басталады деді. Менің ойымша, ол өз сөзіне жауап беруі тиіс. Егер Түркияда осы референдумға қарсы дауыс бергендер болса және олар әлі де сол пікірде жүрсе, премьер-министрді дәл осы сөзден ұстап алып, олар да жұмыстарын бүгіннен бастай беруіне болады, – дейді Актар.

АРМИЯНЫҢ АБЫРОЙЫН МҰҚАТУ

Референдумнан бастау алған ендігі өзгерістер сот жүйесі мен қарулы күштерді айтарлықтай әлсіретіп, елдің саяси аренасындағы күштердің орнын ауыстыратын болады. Аталған екеуі көптен бері Түркиядағы зайырлы жүйенің негізгі ұстыны саналып келген еді.

Қазір исламшыл бағыттағы Әділет және даму партиясының уысында тұрған парламент пен президент бұдан былай Жоғарғы соттың, Конституциялық сот пен жоғары сот тағайындауларына бақылау жасайтын Прокурорлар мен соттардың жоғары кеңесін тағайындауға елеулі ықпал етпек.

Ал түрік саясатының бейресми төрешісі болып келген, 1960 жылдан бері төрт үкіметті төңкеріп тастаған армия жаңа Конситуция бойынша азаматтық сот алдында жауапты болғаннан кейін бұрынғы зор мәртебесінен айырылады.

Мұның соңы армияның осыған дейінгі саясаттағы ықпалын төмендетіп, беделін түсіреді. Қазірдің өзінде Ердоған үкіметін кем дегенде екі рет құлатпақ болды деген айыппен армияның ондаған белді офицері қамауға алынғаны белгілі.

«Қамқоршылардың режимі дегеніміз енді тарихқа кетті. Төңкерісті қолдайтындар бұдан әрі мақсаттарына жете алмайды, – деді Ердоған өз телеүндеуінде. Сөйтіп ол 1980 жылғы төңкерістің 30 жылдығы қарсаңында армия мәртебесі қаншалықты өзгергенін анық аңғартты. – «Қараңғыда пайда іздегендерге... енді түк те жоқ».

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕМОКРАТИЯ

Өте күшті бәсеке жағдайында аса тартысты өткен сайлау алдындағы кампания кезінде жеткен бұл жеңіс, деді Ердоған, менің жеңісім емес, Түркияның жеңісі.

«Иә» деп, қолдағандар да, «жоқ» деп қарсы болғандар да жеңіске жетті, өйткені демократия бәрімізге ортақ», – деп мәлімдеді Ердоған.

Бірақ Актардың сөзіне қарағанда, бұл өзгерістер әлі де жеткіліксіз. «Бұл ел 1982 жылы әскерилер кигізген «құлдық көйлектен» құтылуы
Түркия премьер-министрі Режеп Ердоғанды жақтаушылар. Стамбул, 12 қыркүйек 2010 жыл.
керек», – дейді ол.

Актардың айтуынша, Түркия Конституциясы осыған дейін 16 рет өзгерген, бұл жолы 17-рет өзгерді. Сонда да Конституцияның бір қайнауы ішінде.

«Біз бұл елдің әлеуметтік хал-ахуалын мейлінше көтеріп, нағыз демократия орнату үшін ұлттық келісім мен диалогқа орын қалдыруымыз қажет», – дейді Актар.

Бірақ мұндай консенсус қол жетпес сағым секілді. Ердоған үкіметі Конституцияға енетін 26 өзгерісті қолдап, халыққа «иә» дегізу үшін қазіргі Конституцияны әскерилердің қолынан шыққан бейдемократиялық өнім деп атап жіберді.

Республикалық халықтық партия бұл реформалар Ердоған билігін ұлғайту үшін жасалып жатқан әрекет деп бағалады.

Күрдтердің ыңғайындағы Бейбітшілік пен демократия партиясы бұл өзгерістер Түркиядағы шамамен 14 миллион күрдтің қолайынан шыға алмайды, сондықтан байкот жасайық деп құлшынды.

Актар секілді сарапшылар ендігі қадам тарихи тұрғыдан аса күшті түрік мемлекетін орталықсыздандыратын, сонымен қатар күрдтер сияқты топтармен де ымыраға келетін жаңа Конституцияны дайындауға арналуы тиіс деп санайды.

КӨШЕДЕГІ САУАЛНАМА

Үлкен істің астарындағы кіші қалтарыстардың көпшілігін түрік сайлаушылары біле бермейді. Референдумнан кейін «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Стамбулдың адам көп жүретін көшелерінің бірі Истыклалда жүргізген шағын сауалнамасы жұртшылық бойында үміт пен күдіктің қатар жүргенін көрсетіп берді. «Жоқ» деп дауыс бергендер болашақта жақсы өзгеріс болатынына сене қоймайды.

Республикалық халықтық партияның жақтаушысы, 30 жастағы инженер-эколог Айып Балин Түркиядағы зайырлы мемлекеттің болашағына қауіп төнгенін айтады.

«Әділет және даму партиясы түрік мемлекетінің бас ұстынын өзгертті. Олар зайырлы қоғамды өзгерткісі келеді. Сондықтан, бүкіл сот
Бүкіл сот және құқықтық жүйе түгелдей өзгеруі мүмкін. Сапа мен тепе-теңдікке қол салады. Түркия ислами жүйеге бет бұратын болады.
және құқықтық жүйе түгелдей өзгеруі мүмкін. Сапа мен тепе-теңдікке қол салады. Түркия ислами жүйеге бет бұратын болады», – дейді Балин.

«Иә» деп дауыс берген кейбіреулер кімге дауыс бергендерін білмей әбден шатасқанға ұқсайды. Біреуі осылай дауыс берсе, үкімет Стамбулдағы жерасты теміржол желісін аяқтайды деп ойлапты.

Сауалнамаға жауап бергендердің бірі Фатих Себап Түркиядағы саяси зорлық-зомбылық құрбандары мен өзі секілді студенттерге көмектесетінін мәлімдеді. Дегенмен ол әскери төңкерістерге қатысты Ердоған қабылдаған шешімді қолдайтынын да айта кетті.

Ергенеқон жайында – билік партиясына қастандық жасамақ болды деп айыпталған әскерилерге қарсы процесс туралы айта келе, Фатих Себап «бұл елде бұдан былай мафия болмайды, қылмыскерлер түгелдей жазаға тартылады, зардап шеккен отбасылар өздеріне тиесілі дүниені алады, ал студенттер де өздеріне қажет нәрсеге қолдау табатын болады» деп мәлімдеді.