Құқық органдарының заңсыздық іс-әрекеттері мен озбырлығы – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа осындай мазмұнда Ашық хат жолдады.
Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың сөзіне қарағанда, елде болып жатқан соңғы тұтқындаулардың әділдігі жайында президент бейхабар, сондықтан ол Нұрсұлтан Назарбаевтан бұл істерді мейлінше заңды тұрғыда анықтауды сұрап отыр.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері өздерінің тек қана заңның шеңберінде қызмет ететіндіктерін мәлімдеді.
«Елдегі сыбайласқан жемқорлыққа жол бермейміз» деген олардың өздері сыбайласқан жемқорлықпен айналысып жүрмегеніне кім кепіл? Бүгінгі күні атышулы қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылып жатқандардың, тіпті қылмыскер бола қалған күннің өзінде, әркімінің өз құқықтары бар. Міне, солардың барлығы қаншалықты ескеріліп отыр. Олардың құқын аяқасты қылып, қорғаушы жіберілмей, қылмыстық іс барысында жасап жатқан зорлық-зомбылықтарға қарсы біздің көзқарасымызды білдіру негізінде бұл хатты жаздық», – дейді Жармахан Тұяқбай.
Ол сондай-ақ Қазақстандағы соңғы кезде болған тұтқындаулардың қаншалықты әділ әрі заңды екендігін білгісі келеді. Оның сөзіне қарағанда, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей бағынатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзі де әрдайым заңмен жүрмейтін көрінеді.
«Баяғы 1937 жылға оралмайын десе, ең алдымен құқық органдары заң аясында жұмыс істеуі керек. Ал ол үшін ел президенті тиісті шаралар қабылдауы қажет. Егер олай болмаса ертеңгі күні тек халық қана емес, тек шенеуніктер ғана емес, жалпы мемлекеттік құрлымдардың барлығы бүгінгі арнайы органдардың «қалпағының астында» қалып кетуі мүмкін», – дейді ол.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Кенжеболат Бекназаров Жармахан Тұяқбайдың сөзін шындыққа жанаспайды деп жоққа шығарды.
Саясаттанушы Айдос Сарымның пайымдауынша, елдегі лауазымды тұлғалардың тұтқындалуынан ел президентінің бейхабар болуы мүмкін емес. Дегенмен ол істің мән-жайын шынайы білмеуі де ықтимал деп ойлайды сарапшы.
«Президент бұл жағдайларды біледі. Себебі, ұлттық компания немесе министр мен әкімді орнынан алу сияқты мәселелер тікелей президенттің рұқсатымен жүргізілетіні бізге белгілі. Дегенмен, әрине, қандай іс болып жатыр, оның ішінде ұсақ-түйек шаруалар бар, кімнің құқы аяқасты болып жатыр деген жайттарға ол, бәлкім, назар аудармайтын шығар», – дейді саясаттанушы.
Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай болса, ел президенті айтылған жайттарға қатысты шараларды қолға алуы тиіс деп санайды.
Әйтпесе бұл қауіп тек халыққа ғана емес, биліктің өзіне де төнуі ғажап емес дейді Жармахан Тұяқбай.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері өздерінің тек қана заңның шеңберінде қызмет ететіндіктерін мәлімдеді.
«Қазатомпром» компаниясының тұтқындағы басқарушыларының әйелдері (солдан оңға қарай): Жәмила Жәкішева, Марика Цоцория және Наталья Парфенова күйеулерімен кездестіруді талап етіп, ҰҚК-нің абақтысының алдында тұр. Астана, 4 маусым 2009 ж.
Жармахан Тұяқбайдың Ашық хатында: «Айрықша өкілеттілікке ие болған құқық органдарының заңсыздығы мен бассыздығы елде ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп отыр» делінген. Сондай-ақ, ол елдегі заңсыздықтармен күресемін деп жүргендердің өздері заңсыздыққа барып отыр деген пікірде.«Елдегі сыбайласқан жемқорлыққа жол бермейміз» деген олардың өздері сыбайласқан жемқорлықпен айналысып жүрмегеніне кім кепіл? Бүгінгі күні атышулы қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылып жатқандардың, тіпті қылмыскер бола қалған күннің өзінде, әркімінің өз құқықтары бар. Міне, солардың барлығы қаншалықты ескеріліп отыр. Олардың құқын аяқасты қылып, қорғаушы жіберілмей, қылмыстық іс барысында жасап жатқан зорлық-зомбылықтарға қарсы біздің көзқарасымызды білдіру негізінде бұл хатты жаздық», – дейді Жармахан Тұяқбай.
Ол сондай-ақ Қазақстандағы соңғы кезде болған тұтқындаулардың қаншалықты әділ әрі заңды екендігін білгісі келеді. Оның сөзіне қарағанда, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей бағынатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзі де әрдайым заңмен жүрмейтін көрінеді.
«Баяғы 1937 жылға оралмайын десе, ең алдымен құқық органдары заң аясында жұмыс істеуі керек. Ал ол үшін ел президенті тиісті шаралар қабылдауы қажет. Егер олай болмаса ертеңгі күні тек халық қана емес, тек шенеуніктер ғана емес, жалпы мемлекеттік құрлымдардың барлығы бүгінгі арнайы органдардың «қалпағының астында» қалып кетуі мүмкін», – дейді ол.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Кенжеболат Бекназаров Жармахан Тұяқбайдың сөзін шындыққа жанаспайды деп жоққа шығарды.
Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай (оң жақта) және «Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбілов Қазақстанның демократиялық оппозициясының форумында. Алматы, 11 сәуір 2009 ж.
«Өз пікірін жария ету әркімнің құқығы. Дегенмен, біздің қызметіміздің барысында ешқандай заңға қайшы әрекеттің жоқ екендігін сеніммен айта аламын», – деді ҰҚК-нің өкілі.Саясаттанушы Айдос Сарымның пайымдауынша, елдегі лауазымды тұлғалардың тұтқындалуынан ел президентінің бейхабар болуы мүмкін емес. Дегенмен ол істің мән-жайын шынайы білмеуі де ықтимал деп ойлайды сарапшы.