Шығыс Украинадағы блокада

Донбастағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймаққа блокада қойған украин ұлтшыл белсенділерінің лагері орналасқан Бахмут елді мекені майдан шебінен 30 шақырымдай қашықтықта жатыр. 2017 жылдың басында белсенділер сепаратистер қадағалайтын аймақтан шыққан көмір тиеген жүк пойызын елдің батысына өткізбей қойғаннан кейін блокада басталған,

Бахмут елді мекеніндегі темір жол бойындағы блокпост. Украина билігі әуелгіде отандық электр станцияларына елдің шығысынан келетін көмір қажеттігін алға тартып, теміржолға блокада қоюға қарсы болған. Бірақ наурыз айында шұғыл ұстанымын өзгерткен Киев блокада орнатқандардың жағына шығып, ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аудандармен сауда-саттықты ресми түрде тоқтатқан.

Лагерьге кіреберістегі күзет. Киев блокаданы қолдағаннан кейін белсенділер үкіметтен жаңа шаралар қолдануды талап ете бастады. Блокаданы ұйымдастырушылар мамырдың 26-ы күні блокаданың жаңа кезеңін бастайтыны туралы мәлімдеді. Олар ресейлік кәсіпорындардың жұмысын қиындатып, міндеттемелерін орындамаған компанияларды мемлекет иелігіне алу туралы айтады.

Лагерьде ойнап жүрген күшіктер. Блокаданы ұйымдастырушылардың Азаттыққа айтуынша, олар сепаратистерден тұтқында ұстап отырған 100-ден аса украиналықты маусымның 11-іне дейін босатуды талап еткен. Егер талаптары орындалмаса "іс-қимылға" көшетіні жайлы ескерткенімен, нақты қандай "іс-қимыл" екенін ашып айтпаған.

Блокада ұйымдастырушылар лагеріндегі палатка. Мұнда тұрып жатқан бұрынғы әскеридің айтуынша, қазір қарулы жанжалдың алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметкерлердің түңіле бастағаны байқалады. "Жоғалтқан жерді қайтарудың жалғыз амалы – күшке жүгіну. Біз [қатардағы әскерилер] күресуге дайын болдық, бірақ Мәскеуден бұйрық күтіп бір жарым жыл окопта отырды, бірақ ондай бұйрық түспеді" дейді бұрынғы әскери қызметкер.

Лагерьдегі ас әзірлейтін бөлме. Мұнда қазір 20 шақты адам бар. Блокада бойынша жаңа іс-қимылдарға дайындалу туралы мамырдың 30-ы күні Facebook әлеуметтік желісі арқылы белсенділерге үндеу түрінде жарияланған жазбаны қолданушылар екі сағаттың ішінде 270-тен аса мәрте қайтара жариялаған.

Лагерьдегі душ. Бұл жерге суды екі күнде бір рет келетін жергілікті ерікті жеткізеді. Блокада ұйымдастырушылар лагері Еуромайдан кезіндегі көп шатыр тігілген қалашықты еске түсіреді. Белсенділер өздерінің қарусыз екенін айтады.

Лагерьдегі бақшада пияз бен көкөністің өзге де түрлері өседі. Азаттықтың Украин қызметінің тілшілеріне мұнда май салынған ботқа ұсынды.

Жазғы ас бөлмеде теледидар қосулы тұр. Белсенділер жаңалықты содан естіп, білетіндерін айтады. Мансур деген лақап аты бар комендант Вадимнің сөзінше, лагерьдегілер негізінен ICTV телеарнасын қарайды екен. Тоқты электр желісі бағанынан тартып алып, пайдаланып отырған белсенділер оның ақшасын есептегіш құрал көрсеткіші бойынша төлеп отырмыз дейді.

Блокадаға қатысушы үлкен шатырды жылыту үшін отын жинап жүр. Күндіз қалың кенеп жабыны қатты қызып, қапырық басатын шатыр іші кешке қарай суытады.

Блокадаға қатысушылар жататын ағаш төсектердің үстінде гаджеттерге арналған «ілгіштер» бар. Қауіпсіздік мақсатында шатыр ішінде түні бойы жарық өшпейді.

Демобилизациядан кейін 40 жастағы Роман Кривенчук (лақап есімі - Кришна) блокадаға қосылуды ұйғарған. Ол блокаданы күшейту туралы журналистердің қойған сұрағына: "Біздің биліктің жанды жері – олардың заңсыз табысы, біз соған басатын боламыз ... Қызықтың көкесі болады" деп жауап берді.