Оқшау қалған Абхазия

Грузиямен шекараға таяу орналасқан Гали қаласындағы мектептің қираған ғимараты. Соғысқа дейін бұл аудан тұрғындарының 96 пайызы этникалық грузиндер болған. Олардың көбі кейін Абхазиядан кетіп қалған.  

Гаградағы санаторийлердің бірі. Қызметкерлер сөзіне қарағанда, Владимир Лениннің ескерткіші мұнда 1953 жылы орнатылған.  

Бір үйдің қабырғасына салынған "тәуелсіз" Абхазия картасы.  

Сухуми орталығындағы бұрынғы парламент ғимараты. Ғимарат 1990 жылдардың басында Грузиямен арадағы соғыстан кейін жөнделмеген. 

1990 жылдардың басында Грузиямен соғыстан зардап шеккен Абхазия парламенті ғимаратының іші. 

Сухуми пирсінде жүрген жергілікті тұрғындар. Совет Одағы кезінде Грузиядағы теңіз жағалауының көп бөлігін алып жатқан Абхазия танымал демалыс орны болған.   

Гагра маңындағы теңізге демалуға келген ресейлік күзетші Владимир Салангин суға түсіп жүр. Ол теңізді бірінші рет көрді. Қазір Гаградағы арзан курорттарға тұрмысы орташа ресейліктер көп келеді.  

Абхазия әскерінің сержанты Алхаз Куркунава республиканың Грузиядан "тәуелсіздік" алуының 21 жылдығына орай өткен әскери парадқа қатысып тұр.  

Абхазиядағы үйлену тойына қару ұстап келген адам. Абхазияда үйлену тойлары мен шілдехана сияқты отбасылық мейрамдар кезінде аспанға оқ ату дәстүрге айналған.  

Үйінен туыстары келген ресейлік солдат. Қазір Абхазияда Ресейдің 3 мыңнан астам сарбазы бар.  

Жаттықтырушы Виктор Задорожный Сухуми жағажайында балаларға жүзуді үйретіп жатыр. Ол Совет Одағы тұсында осы маңдағы бассейнде жұмыс істеген. Бассейн соғыс пен экономикалық дағдарыс кесірінен қирап қалған. 

Бокс бапкері Лизбар Джалогуа Гаградағы бұзылған ғимараттардың бірінде жаттығу өткізіп жатыр.  

Гагра жағажайындағы туристер. Қазір Абхазия бюджетінің 70 пайызы Ресейдің қаржылай жәрдемінен жиналады, қалған бөлігі - туризмнен түсетін табыс. 

Үйде жасалған шарап ішіп тұрған адамдар. Абхазия әлемдегі шарап жасайтын ең көне өлке саналады. Алайда бұл өңір халықаралық қауымдастықтан оқшауланып қалғандықтан абхаз шарабы қазір Ресейге ғана сатылады. 

Келесі жылы ашылуы тиіс отельді жөндеп жатқан жұмысшылар.  

Украинада ресейшіл сепаратистер жағында соғысып келген абхаз еріктісі.  

Пицунда қаласындағы совет стилінде салынған аялдама.  

Сухумидегі маймылдар бағы. Бұл мекеме Совет Одағы кезінде салынған.  

Гали тұрғындары Абхазия мен Грузия арасындағы көпірмен жиі жүреді. Мұндағы тексеру пунктінде Ресейдің ФСБ өкілдері тұр.  

Ткварчелидегі қаңырап қалған вокзал мен қараусыз жатқан теміржол.  

Рица көлінде жүрген ресейлік турист.