Ауғанстаннан шетел әскерін шығарудың тұрғындарға әсері
Баграм әуежайы аумағында АҚШ-тың ең ірі әскери базасы орналасқан.
Баграм базары әскери базадан онша қашық емес. Осы базарда ұрланған америкалық әскери киім-кешек пен азық-түлікті сатып алуға болады.
Базарда сауда орнын жалға алып отырған Халим әскери базада сегіз жыл жұмыс істеген, жақында ол жұмыссыз қалды.
Металл бұйымдар сатумен айналысатын Хомаюн үшін қазір ауыр кезең туды. Ол америкалық әскерилермен бес жылға келісім жасасқан, бірақ биыл оның мерзімі бітті.
Ауғанстаннан шетелдік әскердің шығарылуы олармен байланысы болған шағын сауда орындарына қиын тиді.
Баграмдағы қоқыс тастайтын күресіндердің бірі.
Баграм әуежайы аумағының сырт жағында тұрған теңізбен жүк тасуға арналған контейнерлер.
Кабулдың «Обама базарында» саудаға қойылған америкалық әскери аяқ киімдер.
Соңғы отыз жыл көлемінде соғыстан көз ашпаған Ауғанстанда «Обама базардың» атауы да бірнеше рет өзгерді. Әуелде совет әскері Ауғанстанға басып кіргенде СССР-ді басқарған Леонид Брежневтің есімімен «Брежнев базары» деп, кейін 2001 жылы АҚШ Ауғанстанға әскер жіберген соң, сол кездегі АҚШ президентінің атымен «Буш базары» деп атаған.
Бұл дүкенде тұрғындар америкалық әскери базалар маңынан тауып алған, қолданыста болған электроникалық зат-бұйымдар сатылады.
АҚШ-тан жеткізілетін азық-түлікті де осы базардан табуға болады.
Тамақтан өзге бұл базардан америкалық киім-кешек те табылады.