2014 жылы Ауғанстанда өтетін президент сайлауына дайындық қарсаңында ел ішіндегі этникалық жіктер де айқындала түсті.
Ауғанстан үшін маңызы зор сайлау науқанын қыздыратын қуатты екі саяси топтың пайда болуы бұл науқан этникалық және тайпа аралық бәсекелестікпен өтетінін білдіреді. Екі тарап та «арадағы жікті жоямыз» деп уәде беріп жатса да, сайлау тартыссыз болмай қоймайтын сияқты.
ҮШ ОДАҚ
Қыркүйектің 5-і күні оншақты саяси партиядан құралған Халықтық түсінісу форумы (ХТФ) саяси сахнаға шықты. Бұл форум танымал технократтар мен Ауғанстандағы ең ірі этникалық топ – пуштун қауымынан шыққан бұрынғы дала командирлерін біріктіруге уәде берді.
Осы оқиғаның алдында ғана өздерін «үлкен коалиция» деп сипаттаған Ауғанстан сайлаушылар альянсы (АСА) құрылған еді. Бұл альянсқа оннан аса саяси топ біріккен. Бірақ ол альянстың пуштун саяси күштерімен байланысы аса мықты емес. АСА мүшелері негізінен тәжік, хазар, өзбек сияқты әртүрлі аз ұлттардан құралған. Бұл одақ 2001 жылы Талибан режимін құлатқан АҚШ әскеріне арқа сүйеген бұрынғы Солтүстік Альянс одағының негізінде жасақталған. Бұлардың да одағы берік емес.
Үшінші саяси одақ – Ауғанстанның шығыс тұрғындары альянсы. Қыркүйектің 8-і
күні құрылған бұл топтың құрамында заңгерлер, Шығыс Ауғанстандағы тайпа ақсақалдары бар.
Сайлау кезінде саяси өзгеріске ең көп ықпал ететін ХТФ мен АСА «жеке бастың мүддесі мен этникалық мәселеге назар аудармаймыз, ынтымақтың жаңа мәдениетін қалыптастырамыз» деп уәде берді. Олар солай деп бір одаққа біріксе де, өздері таңдаған бір ғана кандидаттың маңайына топтаса алмай отыр.
БАСТЫ ЕКІ ТОП
2014 жылы сәуір айының 5-і күні өтетін президент сайлауының Ауғанстан тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін маңызы өте зор. Әсіресе 2014 жылдың соңына қарай шетелдік әскери күштер елден кететіндіктен сайлаудың маңызы одан сайын арта түспек. Үміткерлер биыл қыркүйектің 16-сынан бастап қазан айының 6-сына дейін тіркелуі тиіс. Үгіт-насихат науқаны желтоқсанда басталады.
Кабулдағы стратегиялық зерттеу орталығының директоры Уалиулла Рахманидың пікірінше, ХТФ мен АСА сияқты ірі одақтар құрылғаны этникалық топтарға байланысты Ауғанстандағы саяси ахуал екіге жарылғанын көрсетеді.
– Меніңше, 2014 жылы өтетін президент сайлауына қатысатын альянстар этникалық сипатына қарай қалыптаспақ. Соңғы 12 жылда Ауғанстанда этноцентристік көзқарасқа негізделген саясат үстем боп келеді. 2014 жылы өтетін сайлау барысында этноцентристік топтасулар негізгі және маңызды роль ойнайды, – дейді ол.
ХТФ-ны Шығыс Ауғанстан аймағынан сайланған парламент депутаты және бұрынғы моджахед басшысының ұлы Пир Саид Исхақ Гайлани басқарады. Бұл топтың мүшелері әлі толық жария болған жоқ. Бірақ олар президент Хамид Карзайдың бауыры Қаюм Карзай, бұрынғы ішкі істер министрі Али Ахмад Джалали, Ауғанстан мен Ирактағы бұрынғы АҚШ елшісі болған Залмай Хализад, бұрынғы қаржы министрі Ашраф Хани Ахмадзай сияқты танымал пуштун өкілдерін қатарына тартуға тырысып жатыр.
АСА-ның құрамында 2009 жылы сайлауға түскен Абдуллах Абдуллах, белгілі
тәжік қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың бауыры әрі бұрынғы вице-президент Ахмад Зия Масуд, этникалық өзбектердің бұрынғы әскери жетекшісі генерал Абдул Рашид Достум, Балх өлкесінің ықпалды губернаторы Атта Мохаммад Нур, хазарлардың танымал жетекшісі Мохаммад Мохакек сияқты танымал тұлғалар бар.
АСА әуелі қазір ХТФ-ның құрамына өткен танымал пуштундарды қатарына тартқысы келгенімен, олармен мәмілеге келе алмады.
ПРЕЗИДЕНТ – ПУШТУН, ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ – ПУШТУН ЕМЕС
Мәселе биліктің кейбір пәрмендерін аймақтық орталықтарға бөліп беруге тірелгенде, екі ірі альянс арасында ортақ көзқарас жоқ. АСА-ның көптеген мүшесі билікті аймақтарға көбірек беріп, бір орталыққа толық бағынбайтын үкімет құруға шақырды.
Кабулдағы билік органдарында отырған пуштун басшылары бұл идеяға түбегейлі қарсы.
АСА-ның бір мүшесі Ахмад Зиа Масуд альянстың сайлаудағы жеңісіне жәрдемдесу үшін елдің барлық аймағындағы пуштун басшыларын қатарға тартуға болады деген үмітін әлі де үзбегенін айтады.
Қыркүйектің 4-і күні Ауғанстанның бұқаралық ақпарат құралдары Масудтың «Оңтүстікте, Кунар және Нангархар сияқты шығыс аймақтарда тұратын бауырларымыз көп кешікпей бізге қосылу туралы ұсыныстарды қолдайды» деген сөзін таратты.
Ал Уалиулла Рахмани Ауғанстанның ендігі президенті елге билігін бұрыннан жүргізіп келе жатқан пуштун қауымынан болуы тиіс дейді.
– Бұл сайлауда негізгі ойыншылар президентті пуштуннан, вице-президентті пуштун емес кандидаттан болдыруға тырысады. Ауғанстан халқы пуштун емес кандидаттың президент болуына әлі дайын емес, – дейді ол.
Азаттық тілшісі Фруд Бежанның мақаласын аударған - Сағынай Кәрім.