«Шұғыла» қоғамдық қоры еріктілері Тауқаратұрық ауылында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып жүр.
Отбасында жалғыз өзі тұратын Рақыш Жолдыбаев ай сайын алатын 35 мың теңге зейнетақы қысқа үш қап көмір мен жарық пайдаланғаны үшін төлемнен артылмағанын айтады. Оның сөзінше, қымбат дәрі алуға ақшасы жетпейді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Тауқаратұрық ауылының кіреберісі.
Үш баланың анасы Салтанат Қуатова азық-түлік жәрдемін жеткізген еріктімен бірге тұр. Отбасындағы жандар Салтанаттың Алматыда такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ерінің табысына қарап отыр.
Салтанат Қуатованың кішкентай қызы терезеден қарап тұр.
Тауқаратұрық ауылындағы Абдыманаповтар отбасы тұратын үй.
Мына бес жасар қыз үйде жалғыз екенін, балабақшаға бармайтынын айтады.
Еркінжан Алтыбасаров немересі және шөбересімен бірге тұрады. Аталарының айтуынша, ол екеуі де жұмыссыз.
Үй есігінен қарап тұрған егде жастағы әйел.
Ауыл тұрғыны Кенжегүл Рақымбаева қызы және анасымен. Сегіз жыл бұрын күйеуі оны екі баласымен бірге тастап кеткен. Баспана жалдап тұратын отбасы Кенжегүлдің анасы ай сайын алатын 30 мың теңге зейнетақыға тіршілік етіп жатыр.
Үш бала өсіріп отырған жалғызбасты ана Анар Жұмабекова екінші топтағы мүгедек інісімен бірге тұрады. Әйелдің айтуынша, күйеуі оларды тастап кеткелі 12 жыл болған.
Анар Жұмабекова ай сайын мемлекеттен балаларына жәрдем ретінде төрт мың теңге алатынын айтады. Оның інісі мүгедектігіне байланысты төрт мың теңге көлемінде жәрдемақы алады.