Сәрсенбайұлы өліміне қатысты сотталған адам бостандықта қалды
Your browser doesn’t support HTML5
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы журналист Рысбек Сәрсенбайұлының шағымын қабылдамады. Ол ағасы, оппозицияшыл саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін ұрлау мен өлтіруге қатысы бар деген айыппен сотталған Ерлан Ералиевтің шартты түрде ерте босатылғанына наразы болған. ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағының бұрынғы қызметкері Ерлан Ералиев 2006 жылы 11 жылға сотталып, биыл жазда мерзімінен бұрын босап шыққан. Қарағанды, 27 қазан 2015 жыл.