Армениядағы молокандар

Армениядағы орыстілді молокондар. «Молокан» атауы «сүт ішетіндер» деген сөзден шыққан, ол осы қауым мүшелерінің Православ шіркеуінің белгілі бір күндері ауыз бекітуді міндеттейтін заңдарына мойынсұнбағандығымен байланысты тәрізді. 

Арменияның солтүстік бөлігіндегі Лермонтово ауылында тек қана молокандар тұрады.

Молокан ұл бала қасынан велосипедпен өтіп бара жақтан адамға қарап тұр.

Молокандардың көпшілігі ашық түске боялған ағаш үйлерде тұрады. Әдетте олар теледидар және ұялы телефон сияқты қазіргі заманғы құралдарды пайдаланбайды.

Молокан әйелдері жексенбілік дәстүрлі ас әзірлеп жатыр. Діни топ мүшелері шошқа етін, жәндіктер және басқа «арам» саналатын нәрселерді пайдалануға тыйым салатын Көне өсиет заңдарын қатаң ұстанады.

«Үй қожайыны» ас ішер алдында бата жасап тұр.

Пацифистік ұстанымы және қазіргі заманғы бұйым-заттарды пайдаланудан бас тартатындығы үшін молокандарды кейде АҚШ-тағы амиштерге немесе меннониттерге ұқсатады.

Алпыс жастағы Коляның түсіндіруінше, діндар адам Исаның жансыз бейнесіне табынғаннан гөрі, оған ұқсауға тырысқаны жөн. Молокондар православ дініндегі икона және басқадай діни заттарды мойындамайды.

Арменияның кедей аймағындағы иесіз ғимаратты бұл маңға таяу орналасқан молокандардың ашық түсті үйлерімен салыстырсаң кереғар көрініс көзге шалынады.

Лермонтово ауылында үйлену тойына бара жатқан молокан қыздары.

Молокан қауымында әдетте, спирттік ішімдікті қош көрмейді, бірақ кейде, әсіресе үйлену тойларында бұл ереже қатаң сақтала бермейді.

Үйлену тойлары және өзгедей көпшілік шаралар молокандардың Құлшылық үйінде өтеді.