Түркияда тұрған армян ескерткіштері

Рипсиме бике монастырі. Оның ар жағындағы сай Армения мен Түркияны бөліп жатыр. Ани кезінде "1001 шіркеулі қала" атанған.

Мыңдаған жылдар бұрын салынған Кафедральдық собор қалдығы. Бұл ғимарат - Ани қаласының патшалық Ресей қолынан Осман империясына, одан Арменияға, ал 1920 жылы Түркияға өткен дәуірінің куәсі. Бірнеше ғасыр бұрын иен қалған Аниді армяндар баяғыдағы дәуренінің белгісіндей көреді.

Әулие Григорий шіркеуі - Абугамренц. 1998 жылы шіркеудегі үш зиратты қиратып, тонап кеткен.

Шекарада тұрған Кизкале шіркеуінің жұқанасы. 1914 жылғы есеп бойынша, Осман империясында 2 миллионнан астам армян тұрған. 1922 жылға қарай армяндардың төрттен үші өлтірілген не қуғын көрген.
 

Патша ұрпақтары кесенесінің қалдығы. Осман империясы ыдырай бастаған кезде ондағы христиан дініндегі азшылық - армяндар қауымына Ресей империясындағы діндестерінің жанашыры ретінде қарады.
 

Ани қаласының бұл бөлігі әскери аумақ екенін ескертіп тұрған тақта. Шекараның Түркия жағы демилитаризацияланған, бірақ қаланың кейбір аудандарына әлі күнге дейін кіруге болмайды.
 

Түркия мен Арменияны бөліп тұрған сай. 1915 жылы Осман билігі армяндарды түгел депортациялау туралы жарлық шығарған соң бұл өңірде оларды жаппай қыра бастады.

Әулие Григорий Тигран Хоненц шіркеуі. Армения мен Түркия шекарасы 1993 жылы, Анкара Ереванмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген соң жабылып қалған. Түркияның бұл әрекетіне Армения мен Әзербайжанның Таулы Қарабаққа қатысты жанжалы себеп болған.
 

Әулие Григорий Тигран Хоненц шіркеуі. ЮНЕСКО-ның шешімінен кейін Ани қаласының қирауы тоқтар деген үміт бар. Бірақ қаладан тысқары жердегі армян жәдігерлерінің тағдыры түрік мемлекетіне тәуелді.

Ани бірнеше ғасыр бойы иен қалғанымен, оның маңында 1915 жылға дейін армяндар тұрған. Ереван бұл өңірдегі миллионнан астам армян өлген сол оқиғаны геноцид деп таниды.
 

Ани маңындағы Карс қаласында кезінде халықтың 85 пайыздайы армяндар болған. 

Құлпытастары құлап жатқан зираттардың кейбірі тоналған болуы да мүмкін.

Карстағы бұл үйде армяндардың Егиш Чаренц деген ақыны тұрған деседі.

Карстағы Кафедральдық собор 1993 жылы мешітке айналған.

Аниден бірнеше шақырым жердегі Козлуца ауылындағы Багнаир монастырінің қалдығы. Ани қаласы мен оның маңындағы ескерткіштердің сипаттамасында "армян" деген сөз жазылмаған.

Козлуцадағы монастырь қалдығы орнында жатқан, киелі жерлерді белгілейтін хачкар деп аталатын өнер туындысы.

Ани маңындағы Ягкесен ауылындағы Кизил Килисе шіркеуі. Бұл ауылдың тұрғындары 1920 жылы Арменияға қашқан.

Маңдайшасындағы крест жұлынған Кизил Килисе шіркеуі қазір тауық қораға айналған.

Шіркеуде байлаулы тұрған ит.

Ани қаласының маңындағы даланың арғы басында Арарат тауы көрініп тұр. "Нұқ пайғамбардың кемесі осы таудың басында қалған" деп сенетін армяндар ол тауды Арменияның гербіне де сызған.

Аниден 18 километр жердегі Огузлу ауылындағы шіркеу. 1936 жылға дейін сау тұрған шіркеу жер сілкінген кезде қираған.

Огузлу ауылының тұрғыны үйдің қалдығын қазған кезде екі хачкар табылғанын айтады.