Назарбаев Азияның «озбыр басшылары» тізімінде

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жұбайы Сара Назарбаева. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.

2014 жыл Батыстың белгілі ақпарат құралдарының (БАҚ) Қазақстандағы әміршіл жүйені сынаған мақалаларымен басталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жұбайы Сара Назарбаева Астананың беделіне нұқсан келтіретін рейтингтерге ілікті.
АҚШ-тың Business Insider жаңалықтар порталы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваны әлемдегі ең деспот 16 басшының әйелдері тізіміне енгізген. Тағы бір америкалық веб-сайт – New York Times газетінің About.com сайты Нұрсұлтан Назарбаевты Азиядағы 2013 жылғы ең нашар диктаторлар тізіміне қосты.

«ДЕСПОТТАРДЫҢ ӘЙЕЛДЕРІ РЕЙТИНГІ»

Business Insider сайты «Ұлы тұлғаның тасасында ұлы әйелдің тұруы заңдылық. Ал диктатордың жұбайы кімдер? Ықылым заманнан бері диктаторлардың жұбайларына жемқорлыққа, саяси көтерілістерге көндігіп, күндес әйелдермен қатар өмір сүруіне тура келеді. Кейбір ел басшыларының әйелдері Руанда елінің бірінші ханымы Кагаме Жаннет сияқты қайырымдылық істермен айналысу үшін өзінің билігі мен мүмкіндігін пайдаланады. Ал кейбір жандар Башар Асадтың жұбайы Асма Асад сияқты Instagram желісінде өз фотосуреттерін жариялаумен шектеледі» деп жазады.

Сайт авторлары Сара Назарбаеваны білікті инженер, «Бөбек» халықаралық қайырымдылық ұйымының құрылтайшысы әрі президенті ретінде сипаттайды. Ал оның жұбайы Нұрсұлтан Назарбаев сөз еркіндігін шектеп, оппозицияны қудалайтын, Қазақстанды жаппай жемқорлық жайлаған елге айналдырған, елді 20 жылдан аса басқарып келе жатқан диктатор ретінде суреттеледі.

16 диктатордың әйелі кірген тізімде ең сұлу бірінші ханым, Иордания королі

Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен жұбайы Татьяна Каримова. Үндістан, 18 мамыр 2011 жыл.

Екінші Абдулла ибн Хусейннің әйелі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы құқық қорғау қызметімен, білім беру саласындағы бағдарламаларымен танылған Рания Абдулла бар.

Тізімге Өзбекстан президентінің жұбайы, жуырда үлкен қызы Гүлнара Каримова «көз байлаушылықпен айналысты» деп айыптаған Татьяна Каримова да, Солтүстік Корея басшысының жұбайы Ри Соль Чжу мен басқа әйелдер де кірген. Ресей президенті Владимир Путинге «әлемдегі ең қауіпті бойдақ диктатор» деген атақ берілген.

«АЗИЯНЫҢ НАШАР ДИКТАТОРЛАРЫ»

Asianhistory.about.com сайтында жарияланған «Азия құрлығының ең нашар диктаторлары» тізімінде Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын, Сирия президенті Башар Асад және Иранның бұрынғы президенті Махмұд Махмадинежадтан кейін, тізімнің соңынан санағанда екінші орында тұр. Ал соңғы орынды Өзбекстан президенті Ислам Каримов иеленген.

Мақалада «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанды 1990 жылдан бері басқарып келе жатқан тұңғыш әрі жалғыз президент. Оның дербес есепшоттарында 1

Кісі қолынан өлген саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің денелері. Алматы маңы, 13 ақпан 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

​ миллиардтан аса АҚШ доллары жатыр. Amnesty International ұйымы жариялаған деректер бойынша, Назарбаевтың саяси қарсыластары көбінесе түрмеге қамалып, кейде құла түзде қаза табады. Сот жүйесін, қарулы күштерді және ішкі қауіпсіздік күштерін президент Назарбаевтың өзі қадағалайды. Назарбаевтың жуырда билікті өткізетін ойы жоқ. Сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алған ол соңғы президенттік сайлауда жеңіске жетті» деп жазылған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан үкіметін «демократиялық реформаларды тоқтатып тастады, 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге дайындық кезеңінде берген уәделерін орындамады» деп жыл сайын сынайды. Бұл сынды мойындамайтын ресми Астана Батыстың ақпарат құралдарында жарияланатын имидждік мақалаларға ресми түрде миллиондаған доллар жұмсайды. Қазір Қазақстан үкіметі 2017 жылы Астанада ЕХРО халықаралық көрмесін өткізуге байланысты жаңа пиар-науқан бастады.