Қару ұстаған авторитар басшылар
Халық даулы президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспей, жаппай бейбіт шеруге шыққан күні Александр Лукашенко оқтан қорғайтын беренді кеудеше киіп, Калашников автоматын ұстап, Тәуелсіздік сарайының маңында жүр. Минск, 23 тамыз 2020 жыл.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Ораза айының аяқталуына орай өткізілген жиында мерген мылтығын ұстап сөйлеп тұр. Тегеран, 2019 жылғы маусым айы.
Ирак президенті Саддам Хусейн бір қолымен сигара ұстап, екінші қолымен мылтықтан әуеге атып тұр. 2000 жылы желтоқсанда өткен әскери парад кезінде түсірілген сурет.
Ресей президенті Владимир Путин әскери мылтықтан нысананы атқалы отыр. Мәскеу, 2019 жылдың қыркүйегінде түсірілген сурет.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болып тұрғанда түсірілген суретте тапаншаны қос қолымен ұстап, нысананы көздеп атқалы тұр. Фотоның қашан, қай жерде түсірілгені белгісіз.
Пәкістанның әскери билеушісі генерал Первез Мушарраф қарудан нысананы атып отыр. 2004 жылдың шілде айы.
Солтүстік Корея диктаторы Ким Чен Ын 2012 жылы қаңтарда түсірілген бұл суретте мерген мылтығын ұстап тұр.
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев мылтықпен нысананы көздеп атып тұр. 2012 жылы елдің солтүстігіндегі арнайы орталықта түсірілген фото.
Түркіменстан мемлекеттік телеарнасы 2017 жылы көрсеткен пропагандалық видеода ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мерген мылтығынан атып тұр.
Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи 2009 жылдың қазан айында өзіне тайпа басшылары сыйға тартқан мылтықты ұстап тұр.
Ресейдің сол кездегі президенті Дмитрий Медведев (сол жақта), Беларусь президенті Александр Лукашенко мен оның бес жасар ұлы Николай. 2009 жылы түсірілген суретте кішкентай бала өзіне Медведев сыйға тартқан алтын жалатылған тапаншаны беліндегі қабына салып тұр.