Фото-байқауға келген суреттер (1-4 қаңтар)
Көгершіндерге жем беру. Қызым Назерке көгершіндерге жем беру сәтінде. Жүктеген Амантай Билялов.
Ат - жігіттің қанаты. Аттан түссе - балаға обал, түспесе - атқа обал. Жүктеген Рахат Ахмет.
Осылай өте ме өмiр?! 13 жастағы лейкозбен ауырып, 4 ай бойы ауруханада жаткан ағасына 4 жасар iнiсi қан берiп шыққан сәт. Бауырмалдылықты жоғалтпайықшы, бауырлар! Жүктеген А.Т. Бушбахова.
Қызыл өрік құрбандары. Жасы бар, кәрісі бар "Қызыл өрік" әніне билеуге өре түрегеледі. Қазақстандықтарды айтам. Жүктеген Доқтырбай.
Өзендегі жарыс. Жүктеген Рахат Ахмет.
Салауатты өмір арқылы достықты нығайту. Жүктеген Рахат Ахмет.
Кішкентай көрермен. Кіші сіңілім. Жүктеген Ләззәт Вилалон.
Бақытты балалық шақ. Балалық шақ - ең бақытты шақ. Ия, Жаратқан, балапанымның көңіліне ешқашан кірбің түсіре көрме! Шат күлкісінен айырмағай. Осындай бақытты балалар көбейе берсін біздің Қазақ елінде! Жүктеген адам: Байсеитова Айткүл
Оянғандар. Маңғыстау. Ерсай 2011 ж. Ереуілдегі "болашақ жұмыссыздар". Жүктеген адам: Доқтырбай.
Балалы үй базар Жүктеген адам: Нышанова Нұргүл
"Сыған серенадасы" әртіс Ерлан Біләлдің ойыны. Жүктеген адам: Амантай Билялов
Кең байтақ жерім. Алакөл жақтағы көрініс. Жүктеген адам: Arhun
"Santaların kompramisi...") Yükləyib: Amin
Бақытты сәт. Екі жастың бақытына куә болу ғажап дүние. Жүктеген адам: Арайлым Нарбатырова.
Cұлу қыз. Жүктеген адам: Сабыр Рамазан Нұрғалиұлы
Табиғат аясында. Жүктеген адам: anel.kanaeva
Жазғы демалыста. Германиядан келген інілерім Адрян мен Арманның атпен тауға шыққан сәттері. Жүктеген адам: Амангелді
Балалы үй - базар... Жұмыстан кеш қайтқан әкелерін балаларының қарсы алып жатқан сәті. Жүктеген адам: Шадаева Мадина
"Адам адамнан тек білім, мінез, өнер арқылы ғана озбақ. Басқа дуниемен оздым деу - ақымақтық". Жүктеген адам: Шалқарб... (Жүктеушінің аты-жөні толық жазылмаған - ред.)
"Қонағым көрсін, бала-шағам жесін". Қонақтардан кейін балаларға кезек тиген сәт. Жүктеген адам: Шадаева Мадина
Мен де бой жетемін. Жүктеген адам: Алтайшы
Ғаламтордың "торы". Қазір ғаламтордың заманы. Бірақ, балаларды соның торына түсіп қалудан сақтайық. Жүктеген адам: Шадаева Мадина
Әнұран айтылды әр үйде. 2012 жылғы Лондон олимпиадасы әрбір қазақстандық отбасына үлкен қуаныш сыйлады. Жүктеген адам: Шадаева Мадина
Бүгінгі қазақ жігіті мен қазақ қызы. "Ән-жырым, жан-сырым" атты әдеби кештен естелік.Жүктеген адам: Назгүл Ибраева
Алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе, артқы да сонда жүреді. Cтуденттерге айтар ақылы жоқ оқытушылар, рефератпен алдап, өздерін маңызды көрсеткісі келеді. Енді қайтеді шала білімі бар ұстаз, әйтеуір студентті бос қылмау керек. Ал студенттің ата-анасы егіннің басында қонып, үй көрмей оқудың ақшасын төлеп жүр. Сондықтан балаңызды өзіңіз оқытыңыз,ешкімге сенбеңіз сонда ғана түзеледі. Жүктеген адам: Шалқарбаев Серік
Рәміз. Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Маралды ауылындағы "Бессаусақ" деген тасқа қашалған сурет. Қытай Алтайында бір, бір жарым метрлік суреттері бар. Қола дәуірдің рәмізі. Жүктеген адам: Жанарбек Беристенов.
Толғаныс. Менің қаным тебіренсе, тентек Каспий секілді... Жүктеген адам: Нұрлан Амандықұлы Көмеков
Балапан. Көңіл-күйі көтеріңкі кішкентай жігіт. Жүктеген адам: Сабыр Рамазан Нұрғалиұлы.
Алдымда биіктер көп жан баспаған... Болашаққа нық сеніммен бара жатқан ару. Жүктеген адам: Нұрлан Амандықұлы Көмеков
Әдеттегідей дүйсенбі күні сабақ алдында оқушылар ән ұранды айтуға әдеттенетін, сол күні жалқау оқушылардың кешігіп келгендері үшін жаза ретінде далаға шығарып көпшілік көзінше ән ұранды қайта айтқызып жатырған кез.
Кішкентай балапан. Шетелдің сұлу жігіттерінен кем емес қазақтың қара домалақ баласы жасай берсін. Жүктеген адам: Сабыр Рамазан Нұрғалиұлы.
"Қансонарда бүркітші шығады аңға". Қасқырларға қарсы шабуыл. Жүктеген адам: Табылдиев Қайрат
"Біздің жақта қыс ұзақ". "Көктем кашан келер екен" Жүктеген адам: Миржан
"Қаражорға қайыр сұрап жүр". ҚазҰУ маңында өзге ұлттың өкілдері отырады. Жәй ғана отырмай, тиын-тебен сұрайды. Біреулер жақтай, біреулер даттай жөнеледі. Жүктеген адам: Ардақ Құлтай
Дипломмен ауылға... Арғы түсінікті шыгар. Жүктеген адам: Нұрлан Амандықұлы Көмеков
Мына кісілерді көріп, бұрынғы қасіретті жылдар есіме түсіп кетті. Алдымнан күтпеген жерден шығып қалды. Жөн сұрасам біреудің малын суықта жаяу айдап бара жатыр екен. Жаным ашып қалды. Жүктеген адам: Шалқарбаев Серік
Мен де отан қорғаймын. Ойыншық белшікпен ойнамаймын. Жүктеген адам: Нұрлан Амандықұлы Көмеков.
Жаратқанды тану, Отаныңды сүю. Жүктеген адам: Рахат Ахмет
Торуылда. Қару тек балалардың ойыншығы болып қана қалса деген аналық тілегім бар. Жүктеген адам: Шадаева Мадина
Ауылдың табиғатына не жетсін! Атырау обл.Индер ауданы, Көктоғай ауылы. Жүктеген адам: Табылдиев Қайрат
Бауырым шаңсорғышпен ойнап жүр. Жүктеген Арман Жанзаков.
Алтын ұя - Мектебім.
Театрға серуен.