Қазақстанда әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдар бұл салада шешілмеген мәселелер көп екенін айтып келеді.
Олар отбасындағы зорлық-зомбылық, қыз алып қашу, қызмет пен жұмыста әйелдерге қырын қарау, жыныстық алалау сияқты әрекеттер қоғамда әлі кездесетінін алға тартады. Әйелдердің жалпы құқықтық һәм психологиялық ахуалын, қазіргі кезеңдегі қоғамдағы орнын бағалауда пікірлер әртүрлі.
Your browser doesn’t support HTML5
AzattyqLIVE хабары қазіргі қоғамдағы әйелдердің құқығы қай деңгейде, оларға қызмет бабы мен еңбек жағдайында шеттетулер, шектеулер бола ма деген сауалдарға арналды.
Хабарға Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институтының директоры, психолог Маргарита Өскенбаева қатысты.
Your browser doesn’t support HTML5