Осы аптаның соңында Стокгольмде «Евровидение» ән байқауының ақтық сыны өтеді. Соңғы жылдары саяси реңк байқалған өнер конкурсының биылғы финалына Ресей мен Украина әншілері шығып отыр. Украиналық әнші Жамала Қырым татарларының депортациясы туралы ән шырқамақ.
Қазақстан әншілері «Евровидение» байқауына әзірше қатыспағанымен музыканы саясатпен байланыстыру дәстүрі оларға да жат емес. Музыканттар саяси қызметпен айналысуы тиіс пе? Музыканы саясаткерлер қолындағы құрал ретінде пайдалануға бола ма? Көршілес Ресей мен Әзербайжан тәрізді Қазақстан да «Евровидение» байқауына қатысуы керек пе? Биылғы байқаудың жеңімпазы кім болады? AzattyqLIVE хабарында журналист Маржан Елшібаева бұл тақырыпты GAKKU телеарнасының бас продюсері Тимур Балымбетовпен талқылады.
Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына жерден көре аласыз.