Қазақстанда кезектен тыс парламент мәжілісі сайлауы өткеніне бүгін тура бір ай толды.
Осы уақыт ішінде мәжіліс депутаттарының қонақүй ақысы, «парламентке арнап сатып алынды» делінген арақ-шарап, кей депутаттардың журналистерге қарата айтқан сөздері сынға ілігіп, жұртшылық арасында қызу талқыланды.
Сонымен қатар негізінен қоғамда пікірталас туғызған ауылшаруашылық жерін аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мәселесі, панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының офшорлық іс-әрекеттерге қатысты әшкере болған құжаттары және өзге жайттарға қатысты сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс, сауалдарға парламент мүшелерінің басым көпшілігі әзірше ой-көзқарастарын білдірген жоқ.
AzattyqLIVE парламент жұмысын «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту» қоры жетекшісі, бұрынғы сенат депутаты Зәуреш Батталовамен талқылады.
Саясаткермен тікелей эфирде өткен хабардың толық видеосын төменнен көре аласыз.
Бірінші бөлім
Your browser doesn’t support HTML5
Екінші бөлім
Your browser doesn’t support HTML5