Нацист әскері қарауылы. Киев, 19 қыркүйек 1941 жыл.
1941 жылы маусымда бұған дейін екі жыл бойы СССР-мен нейтралитет келісімін сақтап отырған Германия бұл елге басып кірген.
Украинаның батысында еврейлерге жасалған шабуыл.
Нацистер совет түрмелерін басып алған соң ондағы тұтқындарға көрсетілген қатігездіктер мәлім болды. Алғашқы кездері совет басшылығы құрамында еврейлер көп болғанын сылтау еткен нацистер антисемитизмді өршіткен.
Нацистік үгіт плакатында "Еврей-большевик обасына өлім келсін" деп жазылған.
Украиналықтардың НКВД тергеуінен ғана емес, совет билігі ұйымдастырған аштықтан - Голодомордан да қырылғанын білетін нацистік насихатшылар елде антисемиттік көңіл-күйді үдетіп бақты.
Львовта қудалаған жұрттан қашып келе жатқан әйел.
Шығыс және Орталық Еуропада мыңдаған еврей тонаушылардың қолынан қаза тапты.
Киевте совет әскері қойып кеткен бірнеше бомба жарылды. Нацистер 26 қыркүйекте, Киевті алғанына бір апта болған кезде арнайы жарлық шығарды. Жарлықта еврейлердің (жарлықта оларды "жид" деген кемсітетін сөзбен атаған) 29 қыркүйек күні таңғы 8-де құжат, құнды зат, жылы киім мен көрпелерін алып, Мельников пен Доктеривский (Дорогожицая) көшелерінің қиылысына келуін талап еткен. Онда бұйрыққа бағынбай, қалада қалған еврейлердің атылатыны да жазылған.
29 қыркүйекте бұйрыққа бағынған 30 мыңдай еврей айтылған жерге жиналды. Олар нацистердің еврейлерге не көрсеткенін естімеген.
Нацистік Германия солдаттарының бірі "СССР-дегі еврейлер оларға қалай қарайтынымыздан мүлдем хабарсыз болды" деп еске алады.
Бабий Ярда өлтірілген адамдардың балалары - Анна Глинберг, Мальвина мен Полина Бабат, Валентин Пинкерт.
Тірі қалған адамдардың бірінің айтуынша, нацистер "депортацияланып бара жатқан" еврей достарын сайға дейін шығара салуға келген украиндарды да атып тастаған.
Нацистер кейін бұл маңға советтік тұтқындарды, сығандар мен басқа да "ұнамсыз элементтерді" әкеліп өлтірген.
Соғыс аяқталған соң ондаған жылдар бойы Бабий Яр қырғыны жайлы айтылмады. Бірақ 1960 жылдардан бері еврей белсенділері бұл маңға жиналып, марқұмдарға дұға бағыштайтын. Тек 1976 жылы ғана Бабий Яр құрбандары құрметіне басты кейіпкері ретінде совет солдаты бейнеленген ескерткіш орнатылды.
Қырғыннан соң 50 жылдан кейін - Украина 1991 жылы тәуелсіздік алған соң ғана Киев еврейлері бұл маңға марқұмдарға арналған ескерткіш қойды.