Совет заманында болашақты қалай елестетті?

Теңіз бетіндегі қанатты кемелер
 

Тік күйінде қонып-ұшатын ұшақ. Америкалық Bell Boeing Osprey ұшағына ұқсас.

Мәскеудің футуристік бейнесі. 1952 жылы салынған. Оң жағындағы ғимараттың құрылысы 1930 жылы басталған. Кеңестер сарайын салу үшін ондағы шіркеуде жарылыс жасалды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде 415 метрлік ғимараттың құрылысы тоқтап қалды. Кейінірек шіркеуді қайта қалпына келтірді.

Болашақ альпинистердің жабдықтары. "Жастар техникасы" журналы 1933 жылдан бері жарық көре бастаған. Журнал қазір де бар. 

Биік шыңдарға шығуға көмектесетін өрмекшіге ұқсас құрылғы. Суреттің атауы: "Қабырғамен өрмелеп барам".

"Жастар техникасы" журналының мақсаты - "жастарды батыл идеялармен, жобалармен таныстыру, түрлі өнертапқыштық құралдар мен инновациялар жайында әңгімелеу" болды.

Ерекше кемелер жанында тұрған матрос-жүзуші.

Журнал танымал бола кезде басылымның кейбір қызметкерлері қысымға ұшырады. 1984 жылы "Техника журналының" бас редакторы жұмыстан шығарылды. Бұған британдық жазушы Артур Кларктың шығармаларының журналға басылуы себеп болған. Шығармада советтік диссиденттерге арналған арнайы кейіпкерлер болған. 

Арктикадағы мұзжарғыш-кемелер

Теңіздегі балықтарды сорып жатқан құрылғы. Бұл кезде адамзат суасты ресурстарының жұтаңдануы мәселесін әлі қозғай қоймаған.

Персоналды тікұшақтар

Болашақ қаласы
 

Мәскеуден ұшқан зымыран

Суасты жүк машинасы. Бұзылып қалғанға ұқсайды

Түрлі құрылғылар 

1950 жылы шыққан "Жастар техникасы" журналының алғашқы бетінде орбиталық ғарыш станциясы бейнеленген. 48 жылдан соң халықаралық ғарыш станциясы жұмыс істей бастады.
 

Apple сағатына ұқсас құрылғы
 

Болашақтағы көмір тасу

Парашютистер. Екінші дүниежүзілік соғысына дейін басылған.

Адам және Хауа өзге планетаға қадам басып тұр. Суреттің атауы: "...ізіміз қалады"