Паранжа киген спортшылар. Ауған әйелдері "Талибанның" шектеулеріне қарсылығы

Ауғанның футболшы қыздары Кабулде.

Қазір Ауғанстанда қыздар мен әйелдер паранжамен бүркеніп жүруі керек. Бұл елде қазір әйелдер спортпен айналысқаны үшін "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) мен өздерінің отбасы тарапынан қысымға ұшырайды.  

Аралас жекпе-жекпен айналысқан ауған спортшы жүлделерін ұстап тұр. 

Ауған әйелінің бірі "тәліптер билікке келгелі өзімді тірі өлік сезінемін" дейді. 
 

Таэквондошы қыз.


 

Муай-таймен айналысатын ауған қызы. 

Аралас жекпе-жекпен айналысатын 20 жастағы Марина есімді қыз 2021 жылы тамызда Кабулда жарысқа қатысып жатқанда қалаға тәліптер келді дегенді естіген. Осы хабардан соң жарысқа келген барлық қыз қашып кеткен. Бұл Саринаның соңғы жарысы еді. 

Кабулдық боксшы қыз. 

"Талибан" бұрын спортпен айналысқан қыздарға да қысым көрсеткен. 

Скейтборд ұстап отырған қыз.

"Талибан" қазір қыздардың мектепте және университетте оқуына тыйым салған. 

Джи-джитсумен айналысатын ауған қызы. 

"Талибан" билікке келгенде қыздар мен әйелдердің құқығын құрметтейтінін айтқан, бірақ бұл уәделерінде тұрмады. 

Велосипед мінген қыз. 

"Талибан" әйелдерге парктер мен спорт залға баруға тыйым салған. Әйелдер сыртқа паранжамен шығуы тиіс. Бұған қоса, тәліптер қыздар мен әйелдерге мемлекеттік емес мекемелерде жұмыс істеуге шектеу қойды. 
 

У-шумен айналысатын ауғанстандық қыздар. 

Тәліптер билікке келмей тұрып Ауғанстанда жұрт қыздардың спортпен айналысуына үрке қарайтын. 

Крикет таяғын ұстаған ауған қызы. 

Тәліптердің спорт ұйымы және ұлттық олимпиада комитетінің өкілі "әйелдердің спортпен айналысуы үшін жеке жаттығу залдарын салу жолын қарастырып жатырмыз" дейді. Бірақ ол мұндай залдар қашан ашылатынын нақты айтпады. 

 

Волейболшы қыз. 
 

Баскетбол добын ұстаған қыз. 

 

Муай-таймен айналысып жатқан қыздар. 

Ауғанстандық спортшы қыздың бірі "Бұрын өміріміз қиын болса да, қандай да бір үміт болатын еді, қазір сол үмітім де қалмады" дейді. 

 

"Талибан" 2021 жылы тамызда Ауғанстандағы билікті қолға алған соң әйелдердің білім алуына, спортпен айналысуына тыйым салған. Қуғын-сүргіннен қорыққан бұл спортшы әйелдер өздері айналысатын спорттың құралдарымен және паранжамен суретке түскен.