"Кет!" 200 мыңнан аса адам Лукашенконың отставкасын талап етті
Your browser doesn’t support HTML5
16 тамызда Минскіде шамамен екі жүз мың адам жиналып, елді 26 жыл басқарып отырған Александр Лукашенконың орнынан кетуін талап етті. Халық 9 тамызда өткен сайлауда Лукашенконың 80 пайыз дауыс алғанына сенбейді. Жүз мыңдаған адам Минск көшесінде наразылыққа шығып жатқанда Лукашенко өз жақтастарымен жеке митинг өткізді.