Минскідегі Рамазан

Минск мешітіндегі тарауық намазы. Бұл мешіт осы жердегі ескі мешіттің орнына былтыр салынған. 

Минскідегі мешіт құрылысын қаржыландыруға Түркия да көмектескен.  

Мешіттің 2016 жылы қарашада өткен ашылу салтанатына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысқан. 

Мешітте Құран оқып отырған адам. 

Минск мешітіне келушілер арасында Беларусьте бірнеше ғасырдан бері тұратын татар-липка мұсылмандары да бар. 

Беларусьтегі татар-липка қауымы салған ескі мешіт Совет Одағы тұсында қиратылған еді.  

Беларусь татар-липкалары бұл елге 13 және 14-ғасырларда келген.  

Шағын татар-липка қауымдары Беларусьте, Польшада, Литвада бар. 

Күндіз ораза тұтқан жұрт кешкісін сумен немесе сүтпен ауыз ашады.  

Қасиетті Рамазан айында Минск мешітінде күнделікті ауызашар беріледі.  

Татар-липка қауымы өкілдерінің көбі тілдерін ұмытқан. Алайда олар діндерін сақтап қалған. 

Кейбір мәліметтерге қарағанда, татар-липкалар саны 11 мың адамнан асады. Олардың жеті мыңдайы Беларусьте тұрады.  

Тарихшылар татар-липка қауымын Алтын Ордадан Литва князьдігіне келген алғашқы татарлардың ұрпағы деп біледі.  

Минск мешітіндегі тарауық намазы.