Беларусьтегі бейбіт наразылық 11-аптаға ұласты
Your browser doesn’t support HTML5
18 қазанда Беларусь астанасында мыңдаған адам авторитар басшы Александр Лукашенкоға қарсы шеруге шықты. Демонстранттар биліктің қару қолданамыз деп қорқытқанына қарамастан, Лукашенконың қызметтен кетуін талап етіп, Минскінің орталық көшесімен жүріп өтті. Құқық қорғаушылар милиция 90-ға жуық адамды ұстаған деп хабарлады. Елде 9 тамызда өткен даулы сайлаудың ресми қорытындысымен келіспеген наразылардың бейбіт қарсылық акциясы 11 апта бойы жалғасып жатыр. Билік сайлауда Лукашенко жеңіске жетті деп хабарлаған. Еуропа одағы мен АҚШ сайлау заңсыз өтті деп санайды.