«Берлин қабырғасы» құлатылғанына 25 жыл

«Берлин қабырғасын» тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Бернауэр-штрассе, тамыз, 1961 жыл. 13 тамыз күні ГДР мен Берлиннің батыс бөлігі арасындағы шекара жабылды.

Берлин қабырғасын тұрғызу. Сурет 1961 жылы 20 қараша күні түсірілген.

Батыс Берлин тұрғындары америкалық әскерилердің бақылауындағы "Чекпойнт Чарли" бақылау бекеті маңында. Шілде, 1963 жыл.

Батыс Берлинге сапармен келген АҚШ президенті Джон Кеннеди "Ich bin ein Berliner" ("Мен - берлиндікпін") деген әйгілі сөзін сөйлеп тұр. 26 маусым 1963 жыл.

Берлинді екіге бөлген тікенек сым қоршаудың ар жағында тұрған Бранденбург қақпасы. Маусым, 1968 жыл.

Берлиннің шығыс және батыс бөліктері арасындағы "Чекпойнт Чарли" бақылау бекеті. 1968 жылдың жазы.

«Берлин қабырғасы» мен оның арғы жағында қаланың шығыс бөлігінде тұрған ғимараттар. 1968 жыл.

Дуалдың батыс бөлігі суретшілер мен әлемнің әр түкпірінен келген туристердің салған суреттері мен жазулары жинақталған галерея іспеттес еді. Ал қатаң күзет қойылған шығыс жағы тап-таза күйінде қалды. 1984 жылы 29 сәуірде түсірілген сурет.

Дуал екіге бөлген Берлин қаласының көрінісі. 1986 жыл.  

1989 жылы 9 қарашада ГДР үкіметі батыс Берлинмен арадағы шекараны ашқан соң, тұрғындар қаланы екіге бөліп тұрған дуалдың Бранденбург қақпасы маңындағы бөлігін бұзып жатыр.

Батыс пен шығыс Берлин арасындағы шекара ашылды. Берлин, 9 қараша 1989 жыл.

Қабырғаның екі жағында қалып келген Берлин тұрғындары бір-бірімен қауышып жатыр. 10 қараша 1989 жыл.

Коммунистік ГДР-де танымал "Трабант" автокөлігі Рудольфштейн шекара бекеті ашылған соң қаланың батыс бөлігіндегі А9 тасжолына шықты. 11 қараша 1989 жыл.

Берлин дуалының Подтсдамер-плац ауданындағы бөлігіне шығып жатқан ГДР әскери қызметкерлері мен қала тұрғындары. 11 қараша 1989 жыл.

Тұрғындар «Берлин қабырғасын» құлатып жатыр. Потсдамер-плац, 12 қараша 1989 жыл.