Алматы мен Астанадағы «Мәңгілік полк» шеруі
Майдангер туыстарының суреттерін ұстаған адамдар алаңға жан-жақтан жиналды. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі. 9 мамыр 2016 жыл.
Ауғанстандағы соғысқа қатысқан полковник Сергей Пашевич даңқты 316-атқыштар дивизиясының әйгілі командирі генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың гимнастеркасы погонына әлденені тағып жатыр. Екеуі де екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қызыл армия жауынгері киімін киген.
Соғысқа қатысқан майдангер суреті мен гүл ұстап келе жатқан ер адам. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы балалар суретке түсіп тұр.
Шеруге СССР туын ұстап келгендер де болды. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
Ал енді біреулер шеруге Украина ССР-і туымен келіпті. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
Алматыда «Мәңгілік полк» шеруі өткен күні таңертең басталған жауын шеру біткенше толастамады. Шерудің басталуын күткен жұрт соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Әйгілі «Катюша» әнін жұрт жиі қайталап айтты. Ал «Мәңгілік полк» шеруі кезінде оған ілесіп жүрген автокөлікке орнатылған дыбыс күшейткіштерден соғыс жылдарындағы және жеңістен кейін майдан тақырыбына жазылған танымал әндер берілді.
Танкистің бас киімін киген ұл бала БТР үстінде отыр. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар мен бұл күні саябаққа қыдырып келген адамдар Совет Одағының батыры генерал Иван Панфилов ескерткішіне гүл қойды.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар арасында Жетісу казактары киіміндегі адамдар да болды.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар майдан туралы ән шырқап келеді.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысқандар арасында мүгедектер арбасында отырғандар да болды. Фотода: Алматы тұрғыны, суретші Зита Сұлтанбаева.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі таңертеңгі сағат 9.00-да басталды. Шеруді Қазақстан Республикасы туы мен Жеңіс туының көшірмесі тігілген БТР бастап, оған соғыс уақытындағы Қызыл армия жауынгері киімін киген адамдар жаяу ілесіп жүрді.
Жауынгер киіміндегі жас жігіттер соғыс кезіндегі Қызыл армия майдандарының туларын ұстап келеді. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы әскери оқу орындарының курсанттары.
Шеруге қатысушы әскери оқу орындарының курсанттары сапынан кейін «Мәңгілік полк» баннері мен майдангер туыстарының суреттерін көтерген Алматы тұрғындары мен қала қонақтары келе жатыр.
2016 жылы 9 мамырда Алматыда өткен «Мәңгілік полк» шеруіне мыңдаған адам қатысты. Өткен жылғымен салыстырғанда биыл адам көп жиналды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы автокөлік шерудің соңына дейін өздігімен жүріп баруға шамасы жетпей тұрып қалған соң оны итеріп апаруға тура келді.
Алматыда өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар. 9 мамыр 2016 жыл.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар соғыс қаһармандарының суреттерін көтеріп келе жатыр.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне кеудесіне медальдар мен «Георгий лентасын» тағып шыққан егде жастағы әйел.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
Алматыда 1988 жылдан бері тұрып жатқан Ауғанстан демократиялық республикасының бірнеше генералы да бүгін қалада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі толассыз жауған жаңбыр астында өтті. Қала орталығындағы Астана алаңынан басталған шеру 28 панфиловшы жауынгерлер саябағында аяқталды.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне жиналып жатқан адамдар. 9 мамыр 2016 жыл.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр. 9 мамыр 2016 жыл.
Астанадағы батырлар ескерткішіне қойылған гүлдер. 9 мамыр 2016 жыл.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр. 9 мамыр 2016 жыл.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар совет кезіндегі және Қазақстан туларын ұстап тұр.
Астанадағы мәңгілік алауға гүл қою. 9 мамыр 2016 жыл.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар Астанадағы «Отан қорғаушылар» ескерткіші жанынан өтіп барады.
«Мәңгілік полк» шеруіне шаққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр.