"Жас реформатордың" офшорға дейінгі жолы
Жақында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясынан "Қазақстан теміржолына" басшы болып ауысқан бір кездегі "жас реформатор" қайтіп сақа саясаткерге айналды? Бұл туралы Асылхан Мамашұлының мақаласынан оқып біліңіздер.
«Көпке қымбат партия!»
Қазақстанды отыз жылға жуық билеп отырған 78 жастағы президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын биліктегі "Нұр Отан" партиясының жалпы табысы 2013 жылдан 2017 жылға дейін 45 миллиард теңгеден асқан. Қаржылық есеп бойынша, осы бес жылда партия 30 миллиардтан астам қаржы жұмсаған. "Нұр Отан" партиясы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңға сілтеме жасап, орталық аппарат пен облыстық филиал басшыларының жалақы мөлшерін айтпайды. Азаттық партияның табысы мен шығынын зерттеп көрді.
"Аутизм - сырқат емес, ахуал". Саидтың жағдайы
Саид мерзімінен үш ай ерте дүниеге келді. Салмағы бір килограмнан әзер асты. Екі ай инкубаторда жатты, дәрігерлердің көмегімен беті бері қарады. Ауруханадан шығарған соң кез келген сәби сияқты өсе бастады, жақсы тамақтанды, еңбектеді, тілі шықты. Бірақ бір жарым жасқа толғанда жағдай күрт өзгерді – сәби көзге қарауды қойды, сөздік қоры азайып, ашуланшақ болып кетті. Дәрігерлер "Аутистік спектр ауытқуы" (АСА) деген диагноз қойды.
Қазақстандағы жиһадшылар ордасы
Жалғызсырап қалған ата-ана Сириядағы немерелерінің діни ұран айтқан видеоларын ғана көріп отыр. Қазақстандағы жиһадшылар ордасына айналған Жезқазғанның бір бейнесі осындай.
Шымкент іргесіндегі инфрақұрылымы жоқ ауыл
Шымкент іргесіндегі "Ынтымақ-2" шағын ауданының мыңдаған тұрғыны бірнеше жылдан бері ауыз су, қоғамдық көлік, жол мәселелерін шеше алмай келеді. Тұрғындар “қала іргесінде тұрып, ауыз суға жарымадық” деп шағымданады. Жергілікті әкімдік мәселеден хабардар болғанымен шарасыз екенін айтады. Ауылдың қазіргі жағдайы туралы Дилара Исаның мақаласы.
Бүйрегі дертті жанның мұңы
Бүйрек ауыстыруға мұқтаж талғарлық жалғыз басты Ермек Бөгенбаев өздігінен жүріп-тұра алмай қалған. Бар мақсаты - бүйрек ауыстыру. Бірақ елде трансплант орган тапшы.
Суретшілер көрмесіндегі биліктің "ерсі әзілі"
"2018 жылы Қазақстанда бірнеше шиеленісті жағдай болды, соның кесірінен азаматтық қоғам тегеурінді бастама көтерді. "Ішкі істер министрлігін реформалауды талап етеміз", "Көкжайлауды қорғайық" қозғалыстары адамдарды біріктірді, олар биліктің іс-әрекеті (немесе әрекетсіздігі) өздерінің денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіретінін түсінді. Биліктің өз іс-әрекетіне келіспеушілерді шектеуге ұмтылуы абсурд сипат алды, оған тіпті Ионесконың өзі қызығар еді. Интернетті бұғаттау, көк шарларға тыйым салу, БАҚ-қа қарсы орынсыз соттар, ІІМ-ді "реформалау" (полициялық униформаны ауыстыру), Денис Тенді дүниеден өткен соң "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттауды қоғам әжуаға барабар ерсі әзіл деп қабылдады" деп түсіндірді көрменің кураторы Валерия Ибраева.