Музыкант Боб Дилан

Боб Диланның 1960 жылдардың басында Нью-Йоркте түскен суреті.

Боб Дилан «Вашингтонға жұмыс және еркіндік шеруі» кезінде әнші Джоан Баэзбен бірге. 1953 жыл.

Боб Диланның Гринвудте зорлық-зомбылыққа қарсы студенттік үйлестіру комитеті мүшелерімен бірге түскен суреті. 1963 жыл.

Дилан өз тобымен бірге Францияның Ле Бурже әуежайында.

Боб Дилан 20-ғасырдың орта шенінде Америкада пайда болған «битниктер буыны» (The Beat Generation) қозғалысының көрнекті өкілі, ақын Аллен Гинзбергпен бірге. 1975 жыл.

Дилан Париждегі концертте ән шырқап тұр. Шілде, 1978 жыл.

Боб Дилан Тулузада. Франция, шілде, 1981 жыл.

Африкадағы ашаршылыққа қарсы қайырымдылық концертінде. Филадельфия, АҚШ, 1985 жыл.

1990 жылы қаңтарда Франция музыкант Боб Диланды өнер және әдебиет орденімен марапаттады.

Боб Дилан, Джордж Харрисон, Джонни Кэш және Роджер Макгинн Диланның тұңғыш ән жинағы жарық көргеніне 30 жыл толуына арналған шарада. Қазан, 1992 жыл.

Рим папасы екінші Иоан Павел және әнші Боб Дилан. Болонья қаласы, Италия, 1997 жылғы қыркүйек айы.

Америкалық мәдениетке қосқан үлесі үшін Кеннеди орталығы сыйлығын алған Боб Дилан мен өзге адамдарды АҚШ президенті Билл Клинтон және оның әйелі Хиллари Клинтон құттықтап тұр. 1997 жыл.

Боб Дилан 1998 жылы Time Out Of Mind ән жинағы үшін Грэмми сыйлығын алды.

Сент-Эндрюс университетінде Боб Диланға музыка докторы құрметті атағын беру рәсімі. Ұлыбритания, 23 маусым 2004 жыл.

Боб Дилан Пекиндегі концертте ән шырқап тұр. Қытай, сәуір, 2011 жыл.