Борис Немцовтың өмірі мен қазасы

Борис Немцов 1981 жылы Лобачевский атындағы Горький мемлекеттік университетінің радиофизика факультетін тәмамдаған.

Борис Немцов қызы Жаннамен бірге. 1980-жылдардың орта кезінде түсірілген сурет ресейлік "Коммерсантъ" басылымынан алынды.

Борис Немцовтың 32 жасында Нижегород облысының губернаторы болып тағайындалған кезі, 1991 жыл. "Коммерсантъ" басылымындағы сурет.

Борис Немцов Нижегород облысына сапармен келген Ұлыбритания экс-премьері Маргарет Тэтчермен бірге, 1993 жыл. "Коммерсантъ" басылымындағы сурет.

Борис Немцов пен Ресей президенті России Борис Ельцин (оң жақта), Нижегород облысы, 1994 жыл. "Коммерсантъ" басылымындағы сурет.

Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Борис Немцов үкімет құрамындағы алғашқы 100 күнде атқарған жұмысы туралы тұрғындарға есеп беріп отыр. Нижний Новгород, 1997 жыл.

Борис Немцов - Нижегород облысының губернаторы. "Коммерсантъ" газетіндегі сурет.

Борис Немцов "МиГ" әскери ұшағы кабинасында ұшуға дайындалып отыр. 1996 жылы қыркүйекте Нижегород облысының губернаторы жергілікті "Сокол" авиация зауытында жасалған дыбыстан ұшқыр МиГ-29 ұшағымен екінші ұшқыш ретінде ұшты. Ұшақ 35 минут әуеде болды.

Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Борис Немцов "Октябрьская-Южная" шахтасында, 1998 жыл. ТАСС агенттігінің фотосы.

Борис Немцов (оң жақта) пен миллиардер Борис Березовский, 1997 жыл. "Коммерсантъ" басылымындағы сурет.

Ресейлік "Союз правых сил" партиясының лидері Борис Немцов "Куклы" телебағдарламасындағы өзін бейнелейтін қуыршақпен бірге. 1999 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Борис Немцов Кремльдегі кездесуде қол алысып тұр. Шілде, 2000 жыл.

Борис Немцов пен украин саясаткері Юлия Тимошенко (алдыңғы қатарда) Украина президенті Виктор Ющенконың инаугурациясы кезінде, 2004 жыл. "Коммерсантъ" басылымындағы фото.

Борис Немцов (сол жақта) пен Виктор Черномырдин, 2005 жыл. "Ведомости" басылымындағы сурет.

Оппозиция шеруі кезінде полицияның арнайы жасағы (ОМОН) саясаткер Борис Немцовтың жолын бөгеп тұр. Мәскеу, 2010 жыл.

Мәскеуде оппозиция шеруінде сөйлеп тұрған оппозициялық саясаткер Борис Немцовты полиция қызметкерлері ұстаған сәт.

Мәскеу орталығындағы оппозиция шеруі кезінде Борис Немцовты полиция жасағы қоршауға алған сәт. Желтоқсан, 2011 жыл.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцов парламент сайлауына наразылық шеруінде сөйлеп тұр. Мәскеу, 24 желтоқсан 2011 жыл.

Ресейлік оппозицинерлер Борис Немцов (оң жақта) пен Михаил Касьянов оппозиция ұйымдастырған "Әділ сайлау үшін марш" акциясында. Желтоқсан, 2011 жыл.

Борис Немцов оппозициялық журналист Олег Кашинды соққыға жыққандарды жауапқа тартуды талап етіп акция өткізіп тұр.

Борис Немцов Ярославль қаласындағы пәтерінде. 2013 жыл.

Борис Немцов Ярославль қаласы мэрін тұрғындардың төте дауыс беру арқылы сайлау тәртібін жоюға қарсылық шеруінде тұр. 7 желтоқсан 2014 жыл.

Борис Немцов Мәскеу метросында жұртқа оппозициялық "Весна" маршы туралы үнпарақ таратып жүр. Ақпан, 2015 жыл.

Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Мәскеу қаласында Кремльге жақын маңдағы көпір үстінде ту сыртынан атылған алты оқтан қаза тапты.