Сандар сөйлейді
3 миллиард доллар - Керчь бұғазы арқылы көпір құрылысын салу үшін Ресей мемлекеті Владимир Путиннің досы Аркадий Ротенбергтің компаниясына осынша ақша бөлген.
500 мың – соңғы бір жыл ішінде Ресейден кеткен бұрынғы советтік республикалар азаматтарының саны.
128 – қаңтардың 7-і күні Charlie Hebdo журнал редакциясына жасалған шабуылдан соң Францияда болған исламға қарсы сипаттағы оқиғалар саны.
10 мың – Пабло Пикассоның немересі Маринаға мұраға қалған әйгілі суретшінің шығармаларының саны шамамен осынша. Марина оларды «бір-бірден» сатып, түскен қаржыны қайырымдылық мақсаттарға жұмсамақ ниетте.
60 мың – HSBC банкі жүз мың клиентіне салықтан жалтаруға қалай көмектескені жайлы өткен аптада осынша құпия құжаттар жарияланған.