Уақыт - мол қаражат
Орыс православие шіркеуінің патриархы Кирилл. Ақпараттарға қарағанда, оның Swiss time club-тан алған сағаты 30 мың доллар тұрады.
Ресей президенті Владимир Путиннің сағаты 60 мың доллар тұрады.
Дереккөз: Газета.ru жаңалықтар порталы.
Дмитрий Медведевтің сағаты 32 мың доллар тұрады.
Дереккөз: "Ведомости" газеті
"Газпром" басшысы Алексей Миллердің сағатының құны - 112 мың доллар.
Дереккөз: "Ведомости" газеті
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сағаты 60 мың доллар тұрады. Оның сол жағында Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев (сағатсыз) отыр.
Дереккөз: Swiss time club
Беларусьтің "үнемшіл" президенті Александр Лукашенконың 17 мың доллар тұратын сағаты бар. Дереккөз: Хартия'97 оппозициялық бастамасы
"Ресей темір жолдары" (РЖД ) компаниясы басшысы Владимир Якунин 30 мың долларға сағат алған. Дереккөз: "Ведомости" газеті
"Ленфильм" басшысы Вячеслав Тельнов сағатының бағасын айту-атпау мәселесін ойланып отыр.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің сағаттары туралы дау жиі шығады. Оппозиция өкілдері оның сағатын 800 мың долларға бағалады. Президент баспасөз орталығы мұндай ақпарат таратқан басылымды сотқа беретінін мәлімдеген еді.
Бір мезетте танымал болған Песковтің сағаты шамамен 620 мың доллар тұрады.