ЧАЭС инженерлері. 30 жылдан соң
Александр Черанев 30 жылдан кейін өзі бұрын аға инженер болып жұмыс істеген турбинаны басқару пультіне бірінші рет бас сұқты. 1986 жылы 26 сәуір күні оны үйінен станцияға таңғы сағат бесте шақырған. "Есіме түсіргім келмейді. Сол күні апат зардабын жоюға кіріскенімізді емес, кейіннен достарымыздың өле бастағанын есіме алғым келмейді" дейді ол.
Чернобыль АЭС-інің "алтын дәлізі". Бұл дәліз барлық блоктарды, соның ішінде жарылған 4-бөлімді де басқа блоктармен жалғайды.
3-блокты (БЩУ-3) басқару тақтасы.
Блок 2000 жылы толық тоқтатылған, сондықтан мұндағы жабдықтардың көбі өшіп тұр.
Сельсиндер. Бұл құралдар "жұтушы діңгектердің" белсенді зонаға қаншалықты терең батырылғанын көрседі. Олар - реакторды басқару кезінде негізгі қызметті атқаратын құрылғының бірі.
РБМК реакторы "діңгектерінің" орналасу реті жарылысқа себеп болған.
Алексей Бреус апаттан соң блокты басқаратын таңғы ауысымның аға инженері болған. "Атомшылар үлкен жұмыс атқарды. Сутегі жарылысын болдырмау үшін жабдықтағы тетіктерді бұрау керек еді. Сол жұмысты атқарған оператор қаза тапты" дейді ол.
Александр Черанев "көп нәрсені ұмытып қалыппын" дейді.
Ауысым басшысы отыратын жердегі блоктардағы жұмысты бақылауға мүмкіндік беретін монитор.
Аркадий Усков Чернобыль АЭС-інің 1-блогында жұмыс істеген. Бірақ оны түнде жарылған 4-блок қызметкерлеріне көмекке шақырған. Ол реакторға су айдайтын құбырларды өз қолымен ашқан. "Алдымда үңірейген шыңырау жатқандай болды, будың ысылдаған қысымы білінді, тіктеп қарауға жан шыдамайтын жағдай, бірақ тастап тағы кете алмайсың" дейді ол.
Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орны.
Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орнында тұрған, қызметкерлермен хабарласатын телефон.
"Соңғы түймені мен 26 сәуір күні кешкі сағат 16:00-де бастым. Ол 4-блоктағы оператор басқан ең соңғы кнопка болды".