11 жасар Нұрбек көмір кенінде жұмыс істеп жүр. Қырғызстан, 14 тамыз 2012 жыл.
Сүлікті көмір кенінде жұмыс істеп жүрген қырғыз балалары. Қырғызстан, 14 тамыз 2012 жыл.
Нангархардағы кірпіш құятын жерде жұмыс істейтін Хан әулетінің балалары. Ауғанстан, 2012 жыл.
8 жасар Хамида Хан мен оның отбасы қарыздарын жабу үшін Нангархардағы кірпіш құятын жерде жұмыс істейді. Ауғанстан, 2012 жыл.
Басра көшесіндегі саудагер балалар. Ирак, 6 наурыз 2012 жыл.
Басра көшесіндегі саудагер балалар. Ирак, 28 наурыз 2012 жыл.
Кірпіш құятын жерде жұмыс істейтін бала. Қырғызстан, 2012 жылдың қыркүйегі.
Кірпіш құятын жерде жұмыс істеп жүрген бала. Қырғызстан, 2012 жылдың қыркүйегі.
Бішкекте люли деп аталатын ұлттың кішкентай қызы қайыр сұрап жүр. Бұл баланың анасы кейде күн көру үшін Қазақстанға кететіндерін айтады. Қырғызстан.
Мектепке бармайтын бұл балалардың әрбірінің "дәрігер болсам, спортшы болсам" деген армандары бар. Қырғызстан.
Ошта мақта теріп жүрген бала. Қырғызстан.
Мақта алқабында жұмыс істеп жүрген балалар. Ош, Қырғызстан.
Мақта теріп жүрген бала. Өзбекстан.
Банан сатып жүрген мектеп оқушысы Әли. Алматы, 11 маусым 2013 жыл.
Лебап уәлаятындағы жұмысшы балалар. Түркіменстан, 2012 жылдың тамызы.
Сауда жасап тұрған балалар. Түркіменстан, 27 мамыр 2013 жыл.
Есек арбамен жүк тасып жүрген бала. Түркіменстан, 30 мамыр 2013 жыл.
Хиджаб киген кішкентай қыз тәтті сатып жүр. Ирак, 26 мамыр 2012 жыл.
Пешаварда отын тасып жүрген балалар. Пәкістан.
10 жасар Закир балық тазалап, күнінен 200 рупий (2,2 доллар) табады. Қымбатшылық пен жоқтық кесірінен көптеген бала оқуын тастап, жұмыс істеуге мәжбүр болады. Пәкістан.