Азаттық тілшісі Моңғолия мен Қытай қазақтарының кітап өндірісін зерттеп көрді. Моңғолияда автор кітабын өзі шығарады. Ал Қытайда үкімет басып беруге бейіл, есесіне бақылау күшті.
Сұлтан Тәукейұлы – Моңғолияның астанасы Улаанбаатарда тұратын қазақ қаламгері. Ол «биыл өз қаражатына 10 томдық шығармалар жинағын шығарғанын, кітаптарын мектеп пен ауыл кітапханаларына таратып бергенін» айтады.
«НЕ ЖАЗҒАНЫҢДЫ БАҚЫЛАП ОТЫРҒАН ЕШКІМ ЖОҚ»
- Кітаптарымды шығаруға үкіметтен көмек болған жоқ. Әр кітабымды 200-500 данамен шығардым. Мақсат - сатып қаржы табу емес, елу жылда жазған еңбектерімді топтастырып, оқырманға өзімше есеп беру, - дейді қарт қаламгер.
Сұлтан Тәукейұлы Моңғолияда қазақ тілінде шығып жатқан кітаптарға ешқандай цензура жоқ екенін де айтты.
– Сенің не жазып, не қойғаныңды бақылап отырған ешкім жоқ. Әркім жүрек қалауымен жазған дүниелерін жарыққа шығарып жатыр, - дейді жазушы.
Сұлтан Тәукейұлының сөзіне қарағанда, оған кітаптарын Моңғолияда емес, Қытайда шығару тиімді. Жазушы жақында Қытай астанасы Пекинге барып қайтқанын айтты.
- Бұған дейін «Ұлттар баспасы» екі кітабымды тегін шығарып берген еді. Бұл жолы тағы екі кітабымды, соңғы жазған «Алмас қылыш» атты Батыр Баян туралы романым мен «Ат атадым» атты Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрлері туралы кітабымды өз қаражаттарымен шығарып беруге уәде берді, тек шығарып қана қоймай, қаламақы төлейтін болды, - дейді ол.
Ал Моңғолия қазақ жазушылары одағының жетекшісі, ақын Сұраған Рахметұлының сөзіне қарағанда, «Моңғолияда қазақ жазушыларының кітаптарының шығуына кедергі жоқ» және «қазақтар кітаптарының көбін Қазақстанда бастырады».
– Кітаптар бірінің артынан бірі шығып жатыр. Бірақта Өлгийде баспахана жоқ. Улаанбаатарда басылады. Сондай бір кедергі жоқ. Баспаның жалпы құны да қолжетімді. Моңғолия қазақ жазушыларының кітаптарының негізгі пайызын қазақстандық баспалар шығарып береді, - дейді ақын.
«ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНАН КІТАП ОҚУҒА ҚҰЛШЫНЫС КӨРДІМ»
Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлы Қытайға барған сапарында ондағы қазақтардан «кітап оқуға деген ерекше құлшынысты» көргенін айтты.
– Өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Қазақстанда, Баян-Өлгийде кітап оқуға деген ерекше бір құлшыныс болған еді. Мен сол құлшынысты Қытай қазақтарының арасынан көрдім. Бір жаңа кітап шықты десе, соны іздеп жүріп оқиды екен. Жастар оқыған кітаптарын тарап-тарап болып талқылайды екен. Мен соған риза болдым, - дейді жазушы.
Мұндай құбылыстың бар екені Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы «Іле халық баспасының» бастығы Нұртай Қиясбекұлының сөзінен де аңғарылып тұр.
– Шыңжаң өлкесіндегі кітап дүкендеріндегі кітаптардың 70 пайызы - қазақ тілді кітаптар, - дейді ол.
Оның айтуынша, «Жылына 100 автордың кітабы қазақ тілінде шығады. 60 автордың кітабы қайтара басылады».
– Өтімді кітаптарды, сондай-ақ алғашқы басылымдағы кітаптарды әуелгі жолы 5 мың таралыммен бассақ, екі жылдан кейін 2-3 мың данамен қайталап шығарамыз. Сұранысы көп кітаптарды әр екі жылда қайталап басып отырамыз, - дейді Нұртай Қиясбекұлы.
Ол «қазақстандық ақындар - марқұм Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлінің, Мұқағалидың кітаптарының бес қайтара басылғандығын» да айтты.
Шыңжаңда «Іле халық баспасы», «Ұлттар баспасы», «Шыңжаң халық баспасы», «Шыңжаң жастар баспасы» сияқты 12 баспада қазақ редакциясы жұмыс істейді.
«АЗ ҰЛТТАРДЫҢ ӘДЕБИЕТІН ҚАТАҢ БАҚЫЛАЙДЫ»
Қытайдан 2009 жылы келген, қазір Алматыда тұратын Сержан Тоқтасынұлы есімді азамат «Қытайда «Ұлттар баспасында» қызмет істегенін, ол жақта шығатын әрбір кітапқа үкіметтен қаржы бөлінетінін және бұл істің үнемі бақылауда болатынын» айтты.
- Қазір Қытай үкіметі аз ұлттар әдебиетін қолдау мақсатында ақша бөліп отыр. Балаларды дамытатын энциклопедиялық кітаптарды да көптеп шығаруға қолдау көрсетеді. Үшіншіден, Нобель сыйлығын алған туындыны жыл сайын әуелі қытай тіліне, содан кейін сонда өмір сүретін аз ұлттардың тіліне аударып басу үрдіске айналған, - дейді Қытайдың бұрынғы тұрғыны.
Сержан Тоқтасынұлының сөзіне қарағанда, қазақ тіліндегі кітаптар да қаржылық қолдаудан кенде қалып отырған жоқ, есесіне бақылау бар.
– Қазір Бейжіңдегі «Ұлттар баспасы» «Қазақтың әйгілі адамдары» деп аталатын кітаптар сериясын шығарып жатыр. Қазірге дейін 40-қа жуық кітап шықты. Олардың қазақ балалары өз ұлтынан шыққан қайраткерлерді білуге құқылы деген негізде шығарып отыр. Бірақ бұған кезінде үкіметке қарсы шыққан Оспан батыр секілді тұлғалар кірмейді, - деді ол.
Сержан Тоқтасынұлы ондай тұлғалар жайлы кітаптарды «шығару былай тұрсын, ашық оқудың өзі қиын» екенін айтты.
Ал «Шыңжаң халық баспасының» басшысы Шәріпхан Әбдуәлидың сөзінше, «Қытайда кітап шығаруда ешқандай кедергі жоқ».
– Біз осы күнге дейін қазақстандық жазушылардың кітабын белгілі бір жүйемен шығара алған жоқпыз. Себебі кітабы қолымызға түскенімен, авторымен байланыс орната алмай жатамыз. Егер авторлар кітабын шығаруға мақұл болса, біз ешқандай кедергісіз басамыз, - дейді Шәріпхан Әбдуәли.
Алайда Қытай баспагерлері «Шығыс Түркістан мемлекетін құру үшін күрескен тұлғалар туралы шығармалар (олар туралы қазақстандық жазушылардың да шығармалары көп - ред.) немесе Қытай саясатына қарсы деген желеумен қуғын көрген жазушылардың туындылары қаншалықты жарық көріп жатыр?» деген сауалға нақты жауап айтпады, Қытайдағы кітап өндірісіне үкіметтің ықпалы туралы әңгімелерге мүлде жолағысы келмейтіндерін аңғартты.
Тек Нұртай Қиясбекұлы «Таңжарық ақынның 10 томдығын жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз» деген, әлі іске аспаған шара жөнінде ақпарат айтты.
Азаттық бұған дейін шыңжаңдық диссидент қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының шығармаларына қатысты Қытайдағы цензура туралы және өмірінің басым бөлігін түрмеде өткізген марқұм қаламгердің қандай шектеуге ұшырағаны жөнінде жазған еді.
«ҚҰНЫ БАР КІТАПТЫ ҮКІМЕТ СҮЙЕМЕЛДЕЙДІ»
«Іле халық баспасының» бастығы Нұртай Қиясбекұлының айтуынша, "кітапханаларға қажет, құны бар, бірақ базарлар мен дүкендерде көп сатыла бермейтін кітаптарға үкіметтен сүйемел бар".
- Біз «Шыңжаң халық баспасымен» біріге отырып СУАР-дағы (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы - ред.) қазақтардың ауыз әдебиетін түгел жинастырып, 25 том етіп, 1000 данамен шығардық. Бұл 16 форматта, әрқайсысы 500 беттік кітаптар. Ал базарда сұраныс нарқы бар кітаптарға үкіметтен ешқандай қаржы бөлінбейді. Сондықтан оларды сату арқылы құнын шығарып отырамыз - дейді.
Оның айтуынша «қазақ тіліндегі кітаптар бірнеше бағытпен шығады».
- Бірінші бағытымыз - қазақтың ұлттық мәдениеті туралы шығармалар, мәселен, қазақ ауыз әдебиетінің 25 томдығы. Екіншісі - диханшылық. Үшіншісі - жастарды осы қоғамға сәйкестендіретін шығармалар. Төртіншісі - дүние жүзіндегі ең көп өтетін кітаптарды аударып басу. Бесіншісі - қазақ прозасы. Алтыншысы - қазақ авторларының шығармалары. Жетіншісі - жастар шығармашылығы, яғни жаңа танылып келе жатқан жастардың прозалық-поэзиялық дүниелерін басу, - дейді баспагер.
Нұртай Қиясбекұлының айтуынша, «Қытайдан Қазақстанға кітап алып өту мәселесі әлі шешілген жоқ. Ал Қазақстаннан Қытайға кітап алып өтуге болады. Онда да шекарадан өткізуге мазмұнына қарап, нақты баспалардан заңды құқығы сақталып шыққан кітаптар болса, рұхсат береді».
Қытайдағы қазақтардың саны кейбір деректерге қарағанда бір жарым миллион адамның маңайында. Олардың көпшілігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұрады.
Ал Моңғолияда 2010 жылы өткен санақ қорытындысы ол елде 101 мың 526 қазақ бар екенін анықтаған.