Шетелдік басылым туризм саласындағы басты жаңалықтардың біріне мақала арнады. 2013 жылдың қаңтарынан бастап туристер Қытайдың ірі қалаларына визасыз баратын болады.
The Independent («Индепендент») басылымында желтоқсанның 6-сы күні жарияланған мақаласында Симон Калдер жаңа жылдан бастап туристердің Қытайға визасыз баратынын жазған.
Автор мақаласын «Қытай туристерге жеңілдік жасау жолын қарастырып отыр. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап ел астанасы Пекинге қыдырып қайту үшін саяхатшыларға виза керек болмайды» деп бастайды.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, «45 мемлекеттің азаматтары Пекинді 72 сағат бойы аралау үшін жеңіл-желпі тексеруден ғана өтеді. Жаңа жылдан бастап Пекинді үш күнде тамашалап шығуды мақсат еткен туристердің құжатына «визасыз транзит» деген мөр соғылатын болады».
ТУРИСТ ШАҚЫРУДЫҢ ЖЕҢІЛ ЖОЛЫ
Автор «Бұл қадам туризмді дамыту үшін жасалып отыр. Әсіресе Европа мен Австралияға барар жолда Бангкок, Сингапур және Гонконгте аялдайтын туристерді қызықтырудың бір амалы» дейді. Пекиндегі туризм ісі басқармасының орынбасары Ван Юэнің айтуынша, «Туризмді дамытатын елдер әдетте виза саясатын жеңілдетеді».
Туристік мекемелердің бірінің басшысы Стюарт Виттингтон «қысқа мерзімді
визалардың 100 фунт стерлинг тұратынын және оны дайындауға екі аптадай уақыт кететінін» айтады. «Жаңа реттеу жүйесі Пекинді аралаудың әуресі мен шығынын азайтады» дейді ол.
Автордың ойынша, «Қытай билігі бұл жаңа саясат арқылы елге келетін туристердің қатарын 10 миллион адамға дейін көбейтуді мақсат етеді».
Әзірше визасыз режим тек Пекиндегі Air China әуе компаниясында ғана қолданылады. Нәтижесі ойдағыдай болса, Шанхай мен Гуанчжоу да осы жүйеге көшеді. Бірақ 2013 жылы визасыз келген қонақтардың Пекинді аралауға 72 сағат қана мүмкіндігі болады.
ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ КІРУ ОҢАЙ ЕМЕС
«1970 жылдарға дейін Қытай Батыс саяхатшыларына жабық ел болды» деп жазады мақала авторы. «Төртеудің бандасы» құлаған соң, 1976 жылы Қытайға алғашқы британ туристері келді. Сапарды ұйымдастырушы Нил Тейлордың айтуынша, сол жолы «әр турист 1000 фунт стерлинг төлеп, Қытай астанасы Пекин мен басқа да ірі қалаларын аралаған».
Нил Тейлор «Біз Маоның туған жерін көріп, Шанхай мен Гуанчжоуға бардық. Сол кездегі лас, тар көшелер қазір алты жолақты автокөлік жолына айналды. Көк тіреген үйлер де көп. Батыс елдері 150 жыл бойы жеткен жетістікке Қытай 25 жылда қол жеткізді» дейді.
Автор басқа елдермен салыстырғанда Пекиннің Европаға көзқарасы түзелгеніне назар аударған. «Мәселен, Үндістан британ туристерінің барлығынан виза талап етеді. Оны жасатуға 10 жұмыс күні және 30 фунт стерлинг кетеді» дейді ол.
«Сондықтан басқа Азия елдеріне саяхаттауға шыққан туристердің ішінде Дели (Үндістанның астанасы) мен Мумбайға (Үндістанның батысындағы ірі қала) тұрақтайтыны аз. Ресей де британдықтардан виза сұрайды, тек Санкт-Петербургте ғана 72 сағат визасыз аялдауға рұқсат бар. Ал Солтүстік Кореяға жету тіпті қиын. Туристердің көбі бұл елдің визасын Пекинге барар жолда жасатады».
Симон Калдер мақаласын «Алдағы жылдың қаңтарынан бастап қытай визасын алудың әуресі азаяды» деп аяқтаған.
Business.ua сайтының мәліметі бойынша, Қытайда 2012 жылдың 10 айында 2 миллиард 35 миллион туристік сапар тіркелген. Экономикаға туризм саласынан 306 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда түскен.
Өткен 2011 жылға қарағанда 2012 жылы туризмнен түскен табыс 16 пайызға көбейген.
Баспасөз шолуын әзірлеген Динара Мәзен.