Қытайдағы қазақ сайттарының бірі, 2012 жылдың соңында жабылып барып қайта ашылған kultegin.com жаңа жылдың алғашқы аптасында өз оқырмандарына үндеу арнапты.
«Күлтегінді» әрі жаптырмау, әрі жылдамдығын тездету үшін бізге сервер сатып алу керек. Өзінің дербес сервері болса, сақшылар жаптыра алмайды. Сервер алуға 7 мың юань керек» деп жазады сайт иелері
«Күлтегіннің» жазуынша, сайттың қайта-қайта жабылып қалу себебі – «өсіп-өркендеп келе жатқан сайтқа қызғанышпен қараушылардың молаюынан». «Қит етсе, сақшыға мәлімдеп, жаптырып тұрғандар да – солар» деген үндеу авторлары:
«Өзі алдымен, шетелдегі біреулер арқылы шетел IP-адресінен «Күлтегінге» заңға қайшы жолдамалар жолдатып, артынан онысын өзі сақшыға мәлімдеп, «Күлтегінді» жаптырып жүргендердің арам ойы орындалмайды» деп түйіндепті.
«ҚАЗАҚСТАН ЖАМАН БА?»
«Күлтегін» сайтында оқырмандар талқысына көп түскен жазбаның бірі «Қазақстан жаман ба?» деп аталады.
«Көлеңкеден қорқып, құр қиялдың жетегінде жүріп, ертең «әттеген-ай» деп бас бармағыңды қанша тістегенмен кеш болары хақ. Ол кезде өкінгенмен амал да жоқ болмақ. Оданда, айналайын ағайындар, естерің барында елдеріңді табыңдар» деп бастаған автор:
«Қазақстан халқы орыс болып кеткен деп өкпелерің қара қазандай болады. 70 жыл
желкеңе мініп, ұлтсыздандыру саясатын сепсе қайтер едіңдер? Нағыз қазақ болсақ, тәуелсіздікті біз алып, Іле, Алтай, Тарбағатай өңірінен қазақ елін құрсақ қайда қалдық?» деп жазады.
Сайт оқырмандары бұл жазбаны «ащы жазылған, дұрыс айтылған» деп бағалапты.
Ал «Сәлем, Үрімжі» деп аталатын мақалада «200 мың қазақ тұратын Үрімжі қаласында бірде-бір қазақ мешіті жоқ екенін, жаназа шығару мен құран түсірту үшін ұйғырларға баратыны» жазылған.
«Табғаштың 200 мың зиялысын еркін сайрандатып, қазақтың екі зиялысын мүйіздестіріп, «жолбарыстың жұлқысқанын таудан тамашалаған» Үрімжі! Ұйғұр мен дүнгенге төрт жүз мешіттің орны бұйырғанда ат айналмас кең өлкеден қазақтарға бір мешіт үшін жер бұйыртпаған Үрімжі» деп наразы болады мақала авторы.
«БІЗГЕ ПӘЛЕ ҚАЙДАН?»
«Сен – қазақ» (senkazakh.com) сайтында оқырмандар тарапынан қазу талқыланған тақырыптың бірі «Бізге пәле қайдан» деп аталады.
«Қазаққа пәле қазір қытайдан емес, ұйғырдан емес, Америкадан емес, талибандардән емес, заманақырдан емес, қайта арақтан келіп отыр. Арақ ішпейтін халық жоқ емес, арақ ішпейтін қазақ жоқ болып бара жатыр» дейді автор.
Бұл жазбаны оқыған қолданушылардың барлығы да «Қазір қытайдағы қазақ
жастарының ішімдікке әуес болып кеткенін, өзге ұлт жастарының ондай емес екенін» жазыпты.
Осы сайттағы талқыға түскен тағы бір мақала – «Қазақ ауылында тұратын жас балалардың да ханзуша (қытайша - ред.) сөйлейтіні».
Жазба авторы ауылына анда-санда бір баратынын, соңғы барғанында тосын жайттарға кез болғанын жаза келіп былай дейді:
«Ұсақ балалардың кейбіреуі бірـбірімен ханзуша сөйлеседі. Мұндайды қалада көрсем, таңырқамас едім. Мұндайды ауылымда көргеніме қатты қынжылдым. Асылы, жақын жылдан бері көптеген семьялар балаларын қаладан ханзуша оқыта бастапты. Қаладан ханзуша оқып келген балалар ауылда қазақша оқыған балаға мүлде жынысын қоспайтын болған».
Алайда бұл пікірмен келіспеген сайт оқырмандарының бірі «Ханзуша сөйлесті деп түңілмесеңші. Өзің ойла – көп тіл білген қазақ ұта ма, бір тіл білген ханзу ұта ма?
Халықты түзеймін деме, халық өзін-өзі түзеп алады» деп қарсы пікір айтыпты.