Қытайдағы қазақтардың senkazakh.com және kultegin.com сайттарының оқырмандары Қазақстандағы оралмандардың жайын да, жолдың сапасын да, әліпби мәселесін де сөз етеді.
«ОРАЛМАНДАР ПАРТИЯСЫН ҚҰРУ»
Бұл аптада «Күлтегін» сайты оқырмандарының талқысына көп түскен тақырыптардың бірі – оралмандар партиясын құру.
– Отанға оралған және орала алмаған қандастарымыздың мәселесімен түбегейлі айланысатын партия құруға қандастарымыздың дәрежесі жете ме? Ал партия құруға шамасы келген болса, ол партияның негізгі бағыт-бағдары, мақсаты не болмақ? Ал ол құрылған күнде құрамына кімдер яғни оралмандар ғана қамтылуы керек пе? Оралмандардың саяси билікке ұмтылуға дәрмені жете ме? Немесе көші-қонның бұйдасын оралмандар өзі ұстағаны жөн бе? – деген сауалдар тастапты «Агроном» деген атпен тіркелген сайт қолданушы.
Сайт оқырмандардың басым бөлігі партия құруды қолдайтындарын білдірген. Мәселен, аты-жөнін атамаған сайт оқырмандарының бірі:
– Партия құруға дәрменіміз жетті. Көші-қонға басшылық ететін бір партия керек
екен. Ол партия оралған қазақтардан құрылу керек. Ал басшысы соны құрып ұйымдастырушылардың ішінен табиғи шығады, – деп жазыпты.
Алайда бұл пікірге қарсылық білдірушілер де жоқ емес. Оқырмандардың бірі «оралмандар партиясын құру қазаққа қарсы қару кезенумен бірдей» деген пікір айтады.
– Партия құру қазіргі жағдайда дұрыс. Бірақ болашақта бұрыс. Себебі қазір оралмандардың ісі тек өткінші қиыншылық қана. Ол қазақпен бірге жасасып келе жатқан мәселе емес, – дейді ол.
«Күлтегін» сайты оқырмандарының бірі Хазірет Әбділда «әуел баста шетелдегі қазақтар тәуелсіз Қазақстан мен оның басшысы Нұрсұлтан Әбішұлына тағдырларын тапсырып келгенін», «бірақ ол кезде атажұрттың алақаны да ыстық болғанын» айта келе:
– Қазір ше? Біреудің әкесі, біреудің анасы, тағы біреудің баласы жат жұртта қалып барады. Келгендері үш айдан артық тұруға құқылары жоқ. Мұның барлығы тәуелсіздіктің 20 жылында қоғамның ар саласында қызмет етіп жатқан қандастарымыздың ашу-ызасын тудыруда. Тіпті Жаңаөзен сынды ұлт қасіретін де «оралман» аталған өз бауырларымыздан көріп, айды аспанға бірақ шығардық. Енді сол қасіретті Жаңаөзенді «оралман мәселесі» қайталап жүрмесе болғаны, – деп жазыпты.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛҚЫ МЕН ЖОЛЫ
«Сен – қазақ» сайтының оқырмандарының бірі Қазақстандағы Өскемен қаласын көргенін айтып, «Орыстың көбін-ай, бүкіл қаланың 70 пайызы түгел орыс сияқты» деп таңданады.
Ол Қазақстандағы қалалардың аралары өте ұзақтығын, жолдың сапасы нашар екенін де айтады.
– Астана мен Алматының арасы 1 мың 300 километр екен, машинамен 20 сағатта әрең жетесің. Араларының ұзақтығы бір жағынан, енді бір жағынан жолдар
ескірген. Мысалға, Қорғастан Алматыға дейінгі тас жолға қараңыз – заманы өткен. Екі машина ғана жүре алатын, май жатқызылған қара жол, – дейді senkazakh.com сайтының оқырманы.
Бұл жазбаға пікір білдірген келесі бір оқырман Қазақстанға қытайлармен бірге барып, жолды көргенде ұялып қайтқанын айтады.
– «Қазақстанның ең ірі қаласы мен астанасын жалғаған жол Тұрпан мен Үрімжінің арасындағы жолдың қарасын да көре алмайды» екен деді [қытайлар]. Бұл – шындық. Тұтас Қазақстанда жоғары қарқынды тас жолдың ұзындығы 400 шақырым ғана – Бурабай мен Астананың арасында. Ал Шыңжаңда 2 мың 500 километрлік жоғары қарқынды тас жол бар, – дейді ол.
Сайт оқырмандарының бірінің пікірінше, Қазақстанда ірі қаланың болмауы – үлкен мәселе. Ол «Алматының жан саны әрең 1,5 миллионға жеткенін», ал «Қытайдың ең мешеу өлкесі Шыңжаңның орталығында 3 миллион адам бар» екенін айта келе:
– Қазақтарды ғана емес, қырғыздарды да оралман ретінде қабылдай беру керек. Қытай қазағынан 20 жылда әрең 100 мыңы ғана көшті. Ал шақырмаған қырғыздар Қазақстанда 500 мыңға жетіп отыр. Осыншалық өзі тіленіп тұрған, артық талап
қоймайтын, діні бір, тілі жақын қырғыздың оралманнан несі кем, – деп жазады.
ӘЛІПБИ УАЙЫМЫ
Бұл аптада «Сен – қазақ» сайтында латын әліпбиіне көшу мәселесі де қызу талқыланды.
Оқырмандар «қазақ жаңа латын әліпбиі құйрық-жалсыз, ағылшынның 26 әрпінен аспайтын үлгіде болса екен, Ң, Ұ, Ү, Ө тәрізді дыбыстарды беру үшін жаңа символ ойлап таппай-ақ қойсақ екен» дейді.
– Ағылшын тіліндегі 26 әріптен шығып, үстіне үтір-нүкте қойған дұрыс емес. Ол әріптерді компьютерде амалдап-әуреленіп кіргізе алғанымызбен, бұдан кейінгі жазу кіргізетін аспап-жабдықтарды тек компьютер тақтасы деп түсініп қалмау керек. Компьютерден басқа электрондық қондырғылар мыңдап саналады. Көбі ағылшынның 26 әрпін ғана таниды. Сонда әлгі үстіне үтір-нүкте қойған әріптеріміз бәрібір істемей қалады да, бұндай қазақ латын жазуынан тағы қолайсыздық сезіліп, қолданудан шығып қалады, – дейді оқырмандар.