Қызыл алаңда жалғыз өзі тұрған полиция қызметкері. Ресей, Мәскеу, 25 маусым, 2023 жыл.
Жеке меншік әскери компанияның мұздай қаруланған жалдамалы жауынгерлері бүлік шығарып, Ресей армиясы басшылығына қарсы жорыққа аттанып, 24 маусымда Мәскеуден небары екі жүз шақырым жерден қайтқаннан кейін де Қызыл алаң әлі жабық тұр.
Дондағы Ростов қаласында жол жөндеп жүрген жұмысшылар. Ресей, 25 маусым, 2023 жыл.
Жалдамалы әскер тобының жетекшісі Евгений Пригожин Ресей армиясының басшылығына қарсы қарулы бүлік бастап, 24 маусымда Ресейдің оңтүстігіндегі Ростов қаласында орналасқан Оңтүстік әскери округ штабын басып алғаннан кезде шынжыр табан әскери танкілер қала жолдарын бүлдірген.
"Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының белгісі бар шолақ жейде мен бас киім киіп тұрған адам. Ресей, Мәскеу, 25 маусым, 2023 жыл.
Кремль Беларусьтің автократ билеушісі Александр Лукашенконың араағайындық етуімен Пригожинмен мәмілеге келгенін жариялағаннан кейін, "Вагнер" қолбасшысы бастапқы уәдесінен айнып, Мәскеуге жақын қалған әскери техника легі бұрылып, кері қайтты.
"Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының Санкт-Петербургтегі штаб-пәтері. Ғимарат жабылып, сыртынан күзет қойылған. Ресей, 25 маусым, 2023 жыл.
Дондағы Ростов қаласында көшеде келе жатқан адамдар. Ресей, 25 маусым, 2023 жыл.
Қаланы "Вагнер" қарулы тобы басып алған кезде жағдай шиеленесіп тұрған, кейбір жергілікті тұрғындар жалдамалы жауынгерлермен дауласып, сөзге келісіп қалған. Бірақ 24 маусымда бүлікшілер мен олардың басшысы Евгений Пригожинді қошамет көрсетіп шығарып салғандар да болды.
"Вагнер" жалдамалы жауынгерлер тобы кетіп қалған күннің ертесіне Ростов қаласындағы Оңтүстік әскери округ штабының маңайын тазалап жүрген ресейлік сарбаздар. 25 маусым, 2023 жыл.
Күш құрылымдары қызметкерлері Кремльге кіреберісте жеңіл көлікті тоқтатып, тексеріп жатыр. Ресей, Мәскеу, 25 маусым, 2023 жыл.
Мәскеу көшесіндегі адамдар. Ресей, 25 маусым, 2023 жыл.
Санкт-Петербургтің шетіндегі жол бойынан "Вагнер" жеке меншік жалдамалы әскер компаниясының қатарына қосылуға шақырған жарнаманы алып жатқан жұмысшы. Ресей, 24 маусым, 2023 жыл.
Ресей армиясының сарбаздары тұсынан өтіп бара жатқан бұл қақпада осыдан бір күн бұрын "Вагнер" жалдамалы әскер тобының танкісі тұрған. Ресей, Дондағы Ростов, 25 маусым, 2023 жыл.
Темір шарбақпен қоршалған Қызыл алаң. Ресей, Мәскеу, 25 маусым, 2023 жыл.
Қызыл алаңның солтүстік бұрышындағы қақпа жабық тұр. Тарихи қақпа 24 маусымда жабылды деген хабар тараған. Дәл сол күнге Кремльде өтеді деп жоспарланған түлектер кеші болмай қалды.
Ресейде түсірілген бұл фотосуреттерден 24 маусымда болған дүрбелеңді еске салатынның барлығын жойып, оны тезірек ұмытуға тырысу байқалатындай.