Ресейде коронавирус пандемиясы кезінде вирус жұқтырған 160-қа жуық дәрігер қайтыс болды деп хабарлады ресейлік нейрохирург, "Ординаторская" подкастының авторы Алексей Кащеев. Ол - коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлерінің аты-жөні енгізілген арнайы тізімді ("Список памяти") құрастырушылардың бірі.
Кащеев ол адамдардың вирусты қалай, қандай жағдайда жұқтырып алғанын бейресми тізімді құрастырушылар бүге-шігесіне дейін толық білмейтінін мойындайды. Алайда ол Ресей денсаулық сақтау министрлігінің қайтыс болған дәрігерлер туралы сөзіне сенбейтінін тағы да мәлімдеді. Кащеевтің сөзінше, дәрігерлер [деректерді] "әдейі ауыстыру, өтіріп беру" сияқты істерге кезіккен.
Сәуірдің соңында Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Боткин атындағы инфекциялық ауруханадағы 120 медицина қызметкеріне, ал сол қаладағы Мариинск ауруханасында елу шақты дәрігерге коронавирус жұққаны анықталған.
Ресейде COVID-19 вирусын жұқтырып қайтыс болған медицина қызметкерлері жайлы ресми жеке статистика жоқ.
12 мамырдағы мәліметке сай, Ресейде вирус жұқтырғандар 221 344 адамға жеткен. Қазір Ресей әлемде бұл көрсеткіш жағынан 3-орында тұр. Елде 40 мыңға жуық адам жазылып, 2 мыңнан аса адам қайтыс болған.