Прагада 1989 жылы қаңтарда үкіметке қарсы шеруді полиция күш қолданып таратты. Бұл шеру чех студенті Ян Палахтың совет әскерінің басқыншылығына қарсылық ретінде өзін өзі өртеп жібергеніне 20 жыл толуына орай өткізілген еді
Полицияның демонстранттарға қарсы таяқ пен су шашатын құрылғылар қолданғанына қарамастан, наразылық шеруі апта бойы жалғасты. Бұл оқиға коммунистік жүйенің іресі сөгіле бастағанын байқатты
Чехословакияның тәуелсіздігі жарияланған күнге орай 1989 жылы қазанның 28-і Прагадағы Вацлав алаңында тағы да шеруге шыққан жұрт биліктен елде демократиялық өзгерістер жасауды талап етті.
17 қараша күні үкіметке наразылық соңғы 20 жыл көлемінде елдегі ең ірі шеруге ұласты. Мыңдаған студент Праганың орталығында бейбіт жиынға шықты. Бірақ, шеруді қала орталығына жеткізбей, олардың жолын полиция бөгеді.
Шырақ жаққан студенттер «Біз қарусыз шықтық!» деп ұрандады. Бірақ, қаумалаған полицияның арнайы жасағы бейбіт шеруді күшпен таратуға кірісті.
Наразылық шеруінің қатары жылдам көбейе бастады. 19 қараша күні демонстранттарды жоғарғы билік отырған қала орталығындағы Пражски Градқа жібермеу мақсатында Влтава өзені арқылы өтетін көпірге полиция тосқауылы қойылды.
Демонстранттар өздерінің қарусыз, бейбіт түрде шеруге шыққандарын білдіру үшін полицияның алдында тізерлеп отыр (19 қараша 1989 жыл). Бірақ полиция жасағы оларға қарсы күш қолданды.
Қарашаның 21-і, жаппай наразылық акцияларының бесінші күні, Прага көшелеріне 200 мыңнан аса адам шықты.
24 қараша күні демонстранттардың саны 300 мың адамға жетті. Чех драматургі, диссидент және бұрынғы саяси тұтқын Вацлав Гавел Вацлав алаңындағы ғимараттардың бірінен наразылық шеруінде тұрғандарға арнап сөз сөйледі.
26 қараша күні Праганың Летна ауданында өткен жиынға жарты миллион адам қатысты. Олардың алдында Вацлав Гавел және оппозицияның өзге лидерлері сөз сөйледі.
Биліккке қарсы наразылық басталғанына оныншы күн. Сталин мүсініне жапсырылған қағазға: «Еш нәрсе мәңгілік емес» деген сөз жазылған.
Оппозициялық Азаматтық форум жетекшілері. Оң жақтан екінші – Вацлав Гавел.
Коммунистік режим халықтың талабын орындауға көніп, елде еркін сайлау өткізілетінін жариялағаннан кейін де наразылық акциялары жалғаса берді. Мына суретте 1989 жылы желтоқсанның 19-ы күні Вацлав алаңындағы шеруге шыққан жұрттың қолында «Гавелді – Градқа» (яғни, президенттікке) деген жазулар бары бейнеленген.
1989 жылы 29 желтоқсанда демократиялық жолмен өткен сайлау нәтижесінде Вацлав Гавел Чехословакияның президенті болып сайланды. Суретте Вацлав Гавел зайыбы Ольгамен бірге Пражски Градқа жиналған жұрт алдына шығып тұр.
1989 жылғы желтоқсанның 31-і. Коммунистік биліктен құтылып, демократияны қалпына келтірген Чехословакия жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр.