Ресейлік белсенді Ильдар Дадин бостандыққа шықты
Your browser doesn’t support HTML5
Ресейлік оппозициялық белсенді Ильдар Дадин ақпанның 26-сы күні Сібірдегі Рубцовск қаласындағы түрмеден бостандыққа шықты. Жоғарғы сот ақпанның 22-і күні Ильдар Дадинге қатысты қылмыстық істі жабу және белсендінің ақталуға құқылы екені жайлы шешім шығарған. Дадин жазасын өтеп жатқан колония басшылығы қаулының түпнұсқасы келгеннен соң ғана белсендіні қамаудан босатты. Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы.