Атамбаевты ұстау операциясы қақтығысқа ұласып, арнайы жасақ қызметкері қаза болды
Бішкек маңындағы Кой-Таш ауылына Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты әкетуге барған арнайы жасақ қызметкерлері операция кезінде. 7 тамыз 2019 жыл.
Арнайы жасақ операциясы басталғанда Атамбаевтың қасында болған оның қауіпсіздік қызметі бұрынғы президентті қорғап тұр.
Атамбаевтың резиденциясы ішінде қос қолын көтеріп тұрған арнайы жасақ қызметкері.
Атамбаевтың жақтастары өз еркімен берілген арнайы жасақ қызметкерін ұра бастады.
Атамбаевтың жақтастары экс-президенттің резиденциясының ішінде жерде жатқан арнайы жасақ өкілінің қасында тұр. Соңғы мәлімет бойынша, қақтығыс салдарынан арнайы жасақ қызметкері оққа ұшып, зардап шеккен 52 адамның 31-і ауруханаға түскен.
Атамбаевтың жақтастары экс-президент резиденциясындағы өрт шыққан жерде тұр.
Атамбаевтың резиденциясы ішінде қару оқшантайы мен шлем ұстап тұрған жігіт.
Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезіндегі қақтығыста жараланған қырғызстандық арнайы жасақ қызметкері.
Атамбаевтың жақтастары әскери қаруды көрсетіп тұр.
Бұрынғы президентті қолдаушылар мен олардың қолына түскен арнайы жасақ қызметкері. 8 тамызда таңертең Атамбаевтың жақтастары алты адамды кепілде ұстап отырғаны туралы хабар тарады. Бейсенбі күні түстен кейін экс-президенттің жақтастары кепілдегі адамдардың барлығын босатты деп хабарлады Кой-Таштан Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі.
Атамбаевтың жақтастарының бірі жартылай бұзылған әскери автомат ұстап тұр. Ол қаруды арнайы жасақ қызметкерлерінен тартып алған болуы мүмкін.
Атамбаевтың жақтастары экс-президент резиденциясына кіреберісте жиналып тұр.
Атамбаев резиденциясының ішіндегі жихаз бен өзге заттардан жасалған баррикада.
Атамбаевтың резиденциясы алдында тұрған мына жігіттің беті қанға боялған.
Кой-Таштағы Атамбаевтың резиденциясы маңында тұрған милицияның арнайы жасақ тобы (ОМОН). Қақтығыстан кейін полиция күші ауылдан шығып кетті.
Атамбаевтың жақтастары экс-президент резиденциясына апаратын жолды таспен бөгеп қоюға тырысты.
Арнайы жасақтың бетін қайтарған соң шаттанып жатқан Атамбаевтың жақтастары. 8 тамызда экс-президенті баспасөз мәслихатын өткізіп, жақтастарын өз маңайына топтасуға шақырды.