Тегеран көшесіне коронавирусқа қарсы дезинфекция жасап жүрген адам.
Тегеранда дезинфекция жасау шарасына өрт сөндірушілер жұмылдырылды.
Иран үкіметі коронавирусқа қарсы іс-шараларды қаржыландыруға Халықаралық валюта қорынан 5 миллиард доллар көмек сұрады.
Тегеран көшесіне дезинфекция жасап жүрген өрт сөндірушіні тұрғындардың кейбірі суретке түсіріп жатыр.
Иран билігі елде Covid-19 вирусын жұқтырған алғашқы науқас анықталғаны туралы биыл 19 ақпанда мәлімдеген.
17 наурыздағы мәлімет бойынша, Covid-19 алғаш тіркелгелі бері Иранда вирус 16 мыңнан астам адамға жұғып, соның кесірінен 988 адам қайтыс болған. 5 мыңнан астам адам дерттен айыққан.
Иран өрт сөндірушілері коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында ел астанасы Тегеран қаласының көшесіне дезинфекция жасап жүр.
Иран ресми өкілдері вирус жұқтыру бәсеңдемесе, медицина мекемелерінде науқастарға орын жетпей қалуы мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін билік Ирандағы мектептер мен университеттерді жауып, індетке қарсы күрес аясында бүкіл ел аумағында мәдени, діни іс-шаралар мен спорт жарыстарын өткізуге тыйым салған.
Иран қазірге дейін коронавирус жұқтырғандар мен дерттен көз жұмғандар саны бойынша әлемде (Қытай мен Италиядан кейінгі) үшінші орында тұр.
Иранда коронавирус жұқтырғандар мен одан қаза болғандар туралы мәліметтер сағат сайын жаңарып отыр.
Иран денсаулық сақтау министрлігі адам өміріне қауіпті вирусты тоқтату үшін тұрғындарды үйден шықпауға шақырды.
Коронавирустың өршуімен қоса көрші елдердің шекараны жауып, өзге мемлекеттермен байланыстың үзілуі Иранның онсыз да күрделі экономикалық жағдайын одан сайын ушықтырып жіберді.
Иран билігіне бүйрегі бұратын Басидж жасағы жолдаған сәлемдемені алуға кезекте тұрған адамдар. Сәлемдемеде вирустан сақтануға қажетті заттар бар.
Вирустың алдын алуға арналған заттарды күтіп тұрған адамдар.
Иран тұрғындары билікті әу баста қауіпті вирусқа тосқауыл қоюға қажетті шараларды дер кезінде қабылдаған жоқ деп айыптайды.
Иран құқық қорғау органдарының арнайы тобы бетке тағатын маска әзірлеп жатыр.