АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп митинг кезінде жараланды. Оқиға қалай болды?

Оқиға Питтсбургтен шамамен 50 шақырым жердегі Батлердегі митингіде Трамп жақтастарының алдында сөз сөйлеп жатқан кезде болды. 
 

Митингіге жиналған Трамптың жақтастары. 13 шілде 2024 жыл. 
 

Кенеттен оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен.

АҚШ қауіпсіздік қызметі мергенді оқиға орнында атып өлтірген. Билік "қастандық жасады" деген күдікпен 20 жастағы жігіттің аты-жөнін анықтады. 

Полиция снайперлері жауап оқ атқан. Дереккөзге сүйенген New York Post-тің жазуынша, шабуылшы Трамп сөйлеген митингіден шамамен 130 метр жерде орналасқан өнеркәсіп ғимаратының төбесінде болған. Ол оқ атып, нәтижесінде Трамп құлағынан жараланған.

Трампты қауіпсіздік қызметі мінберден алып кетпек болған кезде бұрынғы президент қолын көтеріп "күресіңіз, күресіңіз" деп айқайлады. 

Қауіпсіздік қызметі Дональд Трампты көлікке апара жатыр. 

Трамптың оң құлағы мен бетінде қан көрінді. Қауіпсіздік қызметі оны көлікке отырғызып, шара орнынан алып кетті. 
 

Шабуылшы 20 жастағы Томас Мэтью Круксты қауіпсіздік қызметі атып өлтірген. Бұған қоса, митингіге қатысқан бір адамға оқ тиіп, мерт болған. Тағы екі адам ауыр жараланған. 

ФБР атысты "қастандық" ретінде тергеп жатыр. 
 

АҚШ-тың бұрынғы президенті және республикалық партия атынан алдағы президенті сайлауына қатысатын Дональд Трамп 13 шілдеде Пенсильвания штатында сайлауалды митинг кезіндегі оқиға кезінде жараланды. Оқиға қастандық ретінде тергеліп жатыр.