Эбола әлемге тарап жатыр
Микроскоппен қарағанда Эбола вирусы осылай көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректері бойынша, індетті жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың көбі Батыс Африкадағы үш мемлекет – Либерия, Гвинея және Сьерра-Леоне аумағында тіркелген. Ол үшеуінен өзге елдерде қазіргі күні Эбола салдарынан адам қазасы болған он оқиға белгілі болып отыр.
Эбола вирусы жұққан науқастармен жұмыс істейтіндерге арнайы киім тігетін шеберхана. Қытай, 23 қазан 2014 жыл.
Эбола індетінен қайтыс болған кісінің денесін көлікке салып жатқан адам. Либерия, 13 қазан 2014 жыл.
Македония астанасы маңындағы Alexander the Great қонақүйіне түскен туристерді науқас адамды анықтайтын арнайы тепловизиялық камера арқылы бақылап отырған медициналық қызметкер. Скопье, 10 қазан 2014 жыл.
Эбола вирусына қарсы вакцинаны денесіне салғызып тұрған ерікті. Бамако, Мали республикасы. 9 қазан 2014 жыл.
Эбола дертіне қарсы күрес дайындығынан өтіп жатқан АҚШ сарбаздары. Форт-Кэмпбелл, Кентукки штаты. 9 қазан 2014 жыл.
Арнайы киімдегі жұмысшылар Эбола вирусын жұқтырған адам тұрған пәтерді тазалап жүр. Даллас, Техас штаты, АҚШ. 6 қазан 2014 жыл.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлері Монровия қаласындағы денсаулық сақтау орталығында жатқан науқастарды Эбола дертіне тексеріп жатыр. Либерия, 3 қазан 2014 жыл.
Қауіпті індеттен көз жұмған адамның денесін алып кетуге келген арнайы топ. Моровия, Либерия. 9 қыркүйек 2014 жыл.
Дәрігерлер Либериядан Эбола дертін жұқтырып оралған деген күдікке ілінген адамды көлікке салып жатыр. Мадрид, Испания, 7 тамыз 2014 жыл.
Індеттен қорғану үшін арнайы киім киген дәрігерлер Либериядан Эбола дертін жұқтырып оралған деген күдікке ілінген адамды Мадридте алып кетуге дайындап жатыр. Испания, 7 тамыз 2014 жыл.
Эбола дертіне шалдыққан адам. Сьерра-Леоне, маусым, 2014 жыл.
Эбола дертін жұқтырған науқастарға арналған аурухана. Либерия, маусым, 2014 жыл.
Эболамен ауыратын адам. Гвинея, маусым, 2014 жыл.