Эмиграциядағы журналистер. Азаттық радиосының ардагерлері

Азаттық радиосының құрылымы мен тарихын көрсететін кесте. Оң жағында Азаттық радиосы Түркістан редакциясын, кейін Қазақ бөлімін басқарған Мәулікеш Қайбалды, Уәли Зүннүн, Дәулет Тағыберлі, Жәкебай Бапыш және Хасен Оралтайдың суреттері берілген. Сурет Азаттықтың бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке мұрағатынан алынды.

Азаттық радиосы Түркістан редакциясының алғашқы қызметкерлері. Ортадағы мұртты адам – "Асан Қайғы" атымен танылған Мәулікеш Қайбалды. Сурет Азаттықтың бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке мұрағатынан алынды.

Азаттық радиосының бір топ қызметкері Түркістан бөлімінің алғашқы басшысы Мәулікеш Қайбалдының зираты басында. Ортада тұрған – Дәулет Тағыберлі және оның сол жағында қара көзілдірік таққан адам – Қарыс Қанатбай. Мюнхен, Германия. Сурет Әлихан Жаналтайдың жеке мұрағатынан алынды.

Түркияның Yeni Istanbul газетінің 1967 жылғы 15 қарашадағы санында жарияланған Дәулеткерей Тағыберлінің суреті.

"Қазақ дегенде жаны қалмайтын". Дәулеткерей Тағыберліге жары қойған құлпытас. Онда марқұмның Қазақстанда туып, Америкада қайтыс болғаны жазылған. Мюнхен, Германия.

Қарыс Қанатбай - Азаттық радиосы Түркістан редакциясын құрушылардың бірі. Мюнхен, Германия. Сурет Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.

"Ұмытылмайтын Қарыс Қанатбай". Қарыс Қанатбайдың зиратындағы құлпытас. Аты-жөнінен кейін мамандығы инженер екендігі жазылған. Мюнхен, Германия. Сурет Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке қорынан алынды.

Қарыс Қанатбайдың қайтыс болғанына бес жыл толуына орай 1987 жылғы 22 қарашада Азаттық радиосы эфирінен берілген хабардың жазбасы. Мюнхен, Германия.

Совет одағы кезінде Азаттық радиосында қызмет істеген Абдолла Жүсіповтің (Сұлтанқабыл Дүсіпов) әулеттік құлпытасы. "Әділет" тарихи-ағарту қоғамының басшысы Ғарифолла Әнестің жеке мұрағатындағы сурет.

Германиядағы мұсылман зираттарының бірі. Сурет "Әділет" тарихи-ағарту қоғамының басшысы Ғарифолла Әнестің жеке мұрағатынан алынды.

Мәулікеш Қайбалдының қайтыс болуына орай Азаттық радиосы эфирінен 1969 жылғы 25 мамырда берілген қазанама мәтіні. Мюнхен, Германия.

"Ұлан" газеті 1991 жылғы 26 қарашадағы санында Азаттық радиосы туралы жариялаған мақала.

"Егемен Қазақстан" газетінде Азаттық радиосы туралы жарияланған мақала. Суретте: Азаттық радиосының президенті Лари Шервин (оң жақта), оның орынбасары – Чарльз Карлсон (сол жақта) мен Қазақ бөлімінің директоры Хасен Оралтай.

Қазақ мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетінің студенттері. Солдан оңға қарай екінші тұрған – Махмет Құлмағамбет, бесінші – Ағын Қасымжанов, ортада – Жабайхан Әбділдин. Алматы, 1950 жыл

Қазақ диссиденті, Азаттық радиосында қызмет істеген Махмет Құлмағанбет (сол жақта) пен СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачев (ортада). Сурет Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Саясат Бейісбайдың жеке мұрағатынан алынды.

Азаттық радиосы басшыларының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі. Алматы, 1992 жыл. Сурет Азаттықтың Алматыдағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалиннің жеке мұрағатынан алынды.

Азаттық радиосының Мюнхендегі (Германия) кеңсесінде. Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) және журналист Мұқабай Енгін.

Азаттық радиосының Мюнхендегі (Германия) редакциясының қызметкерлері. Радио туралы брошюра.

Азаттық радиосының Мюнхендегі студиясы, Германия. Сурет Азаттық радиосының бұрынғы қызметкері Қиял Сабдалиннің жеке мұрағатынан алынды.

Ортада – Азаттық радиосының Қазақстандағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалин, оң жақта отырған – Хасен Оралтай.

Сол жақтан бірінші отырған – Азаттық радиосында ұзақ жыл қызмет атқарған, кейін Қазақ бөлімінің басшысы болған Хасен Оралтай. Сурет Азаттықтың бұрынғы қызметкері Әлихан Жаналтайдың жеке мұрағатынан алынды.

Азаттық радиосының бұрынғы қызметкерлері. Сол жақтан бірінші – Хасен Оралтай, екінші отырған – Досан Баймолда, оң жақтағы – Талғат Қосжігіт (Көкбұлақ). Мюнхен, Германия, наурыз, 1999 жыл. Сурет Досан Баймолданың жеке мұрағатынан алынды.

Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) және Азаттықтың Қазақстандағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалин.

Азаттық радиосының Алматыдағы тілшісі Саясат Бейісбай (сол жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алып отыр. Алматы, сәуір, 1994 жыл. Суретті түсірген – Сиез Бәсібеков. Сурет Саясат Бейісбайдың жеке мұрағатынан алынды.

1993-2003 жылдары Азаттық радиосының Қазақстандағы тілшісі болған Батырхан Дәрімбет (1951-2005)

Тәуелсіз Қазақстан елінен Азаттық радиосына жұмысқа тұруға тілек білдірген адамдардың резюмесі.