Ермек Тайшыбековтің соты басталды
Your browser doesn’t support HTML5
Жамбыл облысы Қордай ауданының сотында "ұлтаралық араздық тудырды" деп айыпталған азамат Ермек Тайшыбековтің соты басталды. Ермек Тайшыбековке қарсы іс оның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларына наразы болған алматылық Ботагөз Исаеваның арызы бойынша 30 маусымда қозғалған. Ермек Тайшыбековтің туысы Ердос Тайшыбеков бауырының ешбір қылмыс жасамағанын айтады. Қордай, 4 қараша 2015 жыл.