Діни тағамдар фестивалі
Православ діни тағамдары фестиваліне қатысушылар самауырда қайнатылған шай ұсынды.
Пасха мейрамы алдындағы ауыз бекіту (Великий Пост) кезіндегі православ діни тағамдар фестивалі Алматыдағы Никольский шіркеуі жанындағы ғимаратта осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқыда оған бес-алты храм қатысса, биылғы фестивальға 14 храм қатысты. Олардың арасында Алматы маңындағы елдімекендерден келгендер де бар.
Кейбір храмдарда фестивальға арнайы дәм әзірлеген аспаздар бар, оларға шіркеуге келушілер де көмектескен. Фестивальға әр храмнан тағам әзірлеген бірнеше адамнан қатысты. Олар ас-дәмді алдын ала дайындап әкелді.
Фестиваль қонақтары қырық күндік ауыз бекіту кезінде қандай тағам түрлерін ішіп-жеуге болатынымен танысты. Келушілердің бірі тағамды қалай дайындауды қағазға жазып әкеліпті, бәзбіреулер оны фотоға түсіріп алуды жөн көрді.
Фестивальға әкелінген тағам түрлері. Үстелге бұршақ, көкөністен жасалған салат түрлері, қырыққабаттан дайындалған орама, картоп салынған самса, көкөніс котлеттері, жұмыртқа қоспай суға пісірілген құймақ қойылған.
Діни тағамдар фестиваліне қатысушы монах әйел.
Жидектен жасалған сусын құйып жатқан әйел.
Фестивальға қатысушы әзірлеген тағам түрлері үшін марапатталған сәті түсірілген фотосуретті көрсетіп тұр.
Қасиетті Құдай-Ана ғибадатханасы бұл фестивальға жеміс-жидектен өрнектеп дайындалған «Жұмақ бағы» тағамын әкеліпті.
Шіркеуге келушілердің бірі Алматыдағы Никольский соборының священнигі Вячеслав Пугачевқа дәм ұсынып жатыр.